"Қытай мен Еуропада коронавирус өршіп тұр": Министр қазақстандықтарға маска тағуға кеңес берді
Қазақстанда эпидемиологиялық жағдай қанағаттанарлық деңгейде. Дегенмен Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният адамдар көп жиналатын орындарда маска тағуға кеңес берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Қазір Қытайда "омикронмен" науқастану көлемі артып жатқанын білесіздер. Бірқатар Еуропа елдерінде сырқаттану деңгейі өсіп отыр. Сондықтан елдегі жағдай тұрақты болғанына қарамастан, шекара маңайында шектеулер сол күйінде қалып отыр. ПТР-тест қорытындысынсыз, вакцинация паспортынсыз тек өз азаматтарымыз ғана емес, шетелдіктер де ел аумағына кіре алмайды", – делінген министр хабарламасында.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда ғимараттарда маска тағу режимі алынып тасталған еді.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”