Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытай коронавируспен күресуде қолдау көрсету үшін Қазақстанға дәрігерлер тобын жібереді

Қытай COVID-19-мен күресуде қазақстандық дәрігерлерге қолдау көрсету үшін Қазақстанға дәрігерлер тобын жібереді.

Қытай коронавируспен күресуде қолдау көрсету үшін Қазақстанға дәрігерлер тобын жібереді

Коронавирусты емдеуде үлкен тәжірибесі бар қытайлық дәрігерлер қазақстандық әріптестеріне көмек көрсетеді. Атап айтқанда, COVID-19 профилактикасы мен бақылауының қытайлық механизмімен, жақын байланыстарды анықтау және оқшаулау механизмдерімен таныстыру, қолданыстағы клиникалық хаттамаларға ұсыныстар беру туралы түсіндіреді.

Бұл бастама Қазақстан тарапынан ұсынылды. Тоқаев ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен 24 наурызда телефон арқылы сөйлесуі кезінде айтылды. Қос басшы Қытайдан Қазақстанға COVID-19 коронавирустық инфекциясымен күресте жан-жақты қолдау көрсету туралы уағдаласты.

Бүгін 7 сәуірде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева мен ҚХР Денсаулық сақтау комитетінің өкілдерімен және қытайлық дәрігерлері арасында онлайн кездесу өтті.

Онлайн-кездесуде Қазақстандағы пульмонология, инфекция, қарқынды терапия, эпидемиология, қоғамдық денсаулық сақтау бағыттары бойынша барлығы 13 маман жіберілетіні айтылды.

Одан бөлек ынтымақтастықтың басым бағыттары, қазақстандық дәрігерлер үшін COVID-19 бойынша тренингтердің өзекті тақырыптары, логистика мәселелері талқыланады. 

Қытайдан келген дәрігерлер үшін сәуірдің басында Нұр-Сұлтан қаласында арнайы кеңес ұйымдастырылады. Қытай дәрігерлері 9 сәуірде келеді деп жоспарланған.

Сондай-ақ, делегациямен бірге ҚХР гуманитарлық көмектің екінші бөлігі келеді деп жоспарланды. 

STAN.KZ
Сейсенбі, 07 Сәуір, 2020 18:47
Талқылау