Қостанай тұрғыны 160 000 теңгеге күрте сатып алып, тоңып қалған: Ол сотқа шағым түсірді
Қостанайда ер адам жеке кәсіпкерлік үстінен шағым түсіріп, сатып алған күртенің сапасыз екенін мәлімдеген. Айтуынша, 2021 жылы күзде сыртқы киім сатып алған. Ал сатушы күртенің сапалы екенін, аязда да жылу ұстап тұратынын айтып сендірген. Бірақ ер адам күртені киген соң қыста тоңып қалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Алау басылымына сілтеме жасап.
"Көру қабілеті нашар болғандықтан, заттаңбасында жазылған мәліметпен таныса алмаған. Сондықтан дүкен қызметкерінің сөзіне сенген. Ол күртені көктем-күз айларында киюге болады деп топшылайды. Алайда қыста киген соң тоңып қалған. Киім сатушы айтқан сипаттамаға сәйкес келмейді. Сонымен қатар 160 000 теңге мұндай тауар үшін тым жоғары баға екенін айтты. Әрі моральдық өтемақы ретінде 100 000 теңге төлеуін талап етті", – делінген сот хабарламасында.
Алайда кәсіпкер шағыммен келіспеген. Айтуынша, киімнің сипаттамасы заттаңбада толық көрсетілген және сатып алушы мұнымен танысқан. Дүкенде клиентке чек беріледі, касса құрылғысы бар. Заңға сәйкес сатып алушы тауардың сапасына көңілі толмаса, ауыстырып ала алады. Бірақ шағымданушы белгіленген уақытта мұндай талаппен келмеген.
Сот күртені қараған соң биркадағы ақпаратты көру қабілеті нашар адамдар оқи алмайды деген байламға келген.
Осылайша сот шағымданушының клиент ретінде тауар туралы рас әлі толық ақпарат алу құқығын бұзғаны үшін жеке кәсіпкерлікті кінәлі деп таныды Енді ер адамға моральдық өтемақы ретінде 50 000 теңге төлеуі қажет.

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
