Қырғызстанның жаңа президенті салтанатты ұлықтау рәсімінен бас тартты
Қырғызстанның жаңа президенті Садыр Жапаров салтанатты ұлықтау рәсімінен бас тартты. Атап айтқанда, президент арнайы кортежден және банкеттен бас тартпақ, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Садыр Жапаров халық бұл шешімді "түсінеді және қолдайды" деген үмітін білдірді.
"Қазан оқиғаларынан кейін қалыптасқан саяси жағдайды, республиканың экономикалық, қаржылық және эпидемиологиялық жағдайын ескере отырып, мұндай жағдайда біз ел экономикасы үшін ауыртпалық түсіретін іс-шаралардан бас тартуымыз керек деп санаймын.
Мен арнайы кортежден, банкеттен және үлкен қаржылық шығындарға әкелетін басқа да ұйымдастырушылық шаралардан бас тарту туралы шешім қабылдадым. Президент лауазымына кірісудің заңнамада талап етілетін міндетті рәсімдерін ғана ескеру және жүзеге асыру маңызды.
Мемлекет бюджет қаражатын халық пен оның мұқтаждықтарын қолдауға аударуы тиіс", - деп мәлімдеді қырғыздардың басшысы.
Айта кетейік, Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың инаугурациясы 28 қаңтарда Бішкек филармониясында өтеді.
Елдің алтыншы президенті 2021 жылы 10 қаңтарда мерзімінен бұрын өткен президент сайлауында жеңіске жетті.
Еске салайық, Қырғызстан үкіметі Садыр Жапаровтың мерзімінен бұрын президент сайлауында жеңіске жетуінен кейін отставкаға кетті.

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
