Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қырғызстанда президент сайлауы өтетін күн белгіленді

Қырғызстанда мерзімінен бұрын президенттік сайлау күні жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

2021 жылдың 10 қаңтарында елде мерзімінен бұрын президент сайлауы өтеді. Бұл шешім Орталық сайлау комиссиясының отырысында қабылданды.

ОСК төрағасы Нұржан Шайлдабекова айтуынша, заң бойынша, егер Жогорку Кенеш мемлекет басшысының өкілеті тоқтағаннан кейін бір апта ішінде мерзімінен бұрын президент сайлауын тағайындамаса, осы мерзімнен кейін келесі күні ресми түрде тағайындалатынын атап өтті.

"Осыдан кейін сайлау комиссиясы екі күн ішінде сайлау күнін ресми түрде жариялайды. Заң бойынша олар мемлекет басшысының өкілеті тоқтатылғаннан кейін үш ай мерзімде - 2021 жылдың 16 қаңтарына дейін өткізілуі тиіс", - деді ол.

Сонымен қатар, ОСК төрағасы сайлау әдетте демалыс күні өтетіндіктен, 10 қаңтар күнін белгілеу ұсынылатынын айтты. Ал ОСК мүшелері оны қолдады.

Бұған дейін Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбековтің отставкаға кеткені хабарланды. Президент пен премьер-министрдің өкілеттерін Садыр Жапаров атқарады. 

Талқылау