Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада әйел белгісіз біреуге киноға түсу үшін 600 мың теңге беріп, санын соғып қалды

Астанада әйел балаларын киноға түсіру үшін алаяққа 600 мың теңге берген. Сан соққан тұрғын өздеріне берілетін рөлді екі ай күткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Сурет pexels-тен

Астана қаласының тұрғыны полицияға хабарласып, WhatsApp желісінде белгісіз жігіттің ақылы түрде сериалға түсуді ұсынғанын жеткізген. Әйел оған сеніп, балаларын киноға түсірту үшін 600 мың теңге жіберген.

Кейін алаяқ екі ай бойы сылтау айтып қашып жүрген. Ал астаналық рөлдерге сол күйі ие бола алмады.

Криминалдық полиция қызметкерлері 22 жастағы елорда тұрғынын анықтады.

“Оның елордадағы үш алаяқтық эпизодына қатысы бар екені белгілі болды. Қазіргі уақытта оның басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ер адам кінәсін мойындады”, – делінген хабарламада. 

Талқылау