Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Қымбат курорттардан жалықтым»: 500 млн теңгеге жуық ақша ұтып алған қыз бос жүруден шаршағанын айтты

Шотландияның Эдинбург қаласының тұрғыны лотереядан миллион фунт стерлинг (491 миллион теңгеден аса) ұтып алған. Алайда ол бос жүруден шаршап, жұмысқа орналасуда ұйғарыпты, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Қымбат курорттардан жалықтым»: 500 млн теңгеге жуық ақша ұтып алған қыз бос жүруден шаршағанын айтты

Бұл туралы Джейн Парк Twitter желісіндегі парақшасында жазды. 

Джейн Парк 17 жасында алғаш рет лотерея билетін сатып алып, қомақты ұтысқа кенелген. Осыдан кейін қыз қымбат көліктер сатып алып, әлемді аралап, пластикалық ота жасатып, жылжымайтын мүлік сатып алған. 

Арада 4 жыл өткеннен кейін Джейн танымал сәнгерлердің киімін киюден, қымбат курорттарда демалудан шаршағанын айтты. 23 жастағы қыз бос жүруден шаршағанын жеткізді. 

«Хлоя (құрбысы – ред.) екеуіміздің бос жүруден шаршағанымыз сонша, жұмысқа орналасу туралы ойланып жүрміз», - деп жазған ол. 
 

Талқылау