Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Хабиб Нұрмағамедов чемпион атағынан айырылып қалуы мүмкін

Абсолютті күрес чемпионатының (UFC) басшысы Дэйн Уайт ирландиялық Конор Макгрегормен өткен айқастан кейінгі әрекеті үшін ресейлік Хабиб Нұрмағамедовтың чемпиондық белбеуінен айырылмайтынына кепілдік беруден бас тартты. Ол бұл туралы YouTube-та көрсетіліп жатқан баспасөз мәслихатында айтты, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Хабиб Нұрмағамедов чемпион атағынан айырылып қалуы мүмкін

Сурет: John Locher

«Мен Хабибтің чемпиондық белбеуін тартып алмайды деп 100 пайызға айта алмаймын. Біз Невада штатының мемлекеттік комиссиясына бағынамыз және олардың қатаң шешім қабылдайтынына сенімдімін. Ол мен үшін емес, соған алаңдауы керек. Енді Хабиб қиындыққа тап болды», – дейді UFC басшысы Дэйн Уайт.

Айта кетейік, Нұрмағамедов төртінші раунда Макгрегорды қылқындырып жеңгеннен кейін тордан секіріп шығып, ирландиялық қарсыласының жұптас-серіктесі Диллон Дениске шабуыл жасады. Осыдан кейін екі команданың мүшелері арасында жаппай төбелес басталып, оларды полиция қызметкерлері әрең арашалап алды.

Дегенмен, бұл жағдайға қарамастан, судьялар ресейлік жауынгерді шайқастың жеңімпазы деп таныды, бірақ UFC басшысы Дэйн Уайт Нұрмағамедовқа чемпиондық белбеуді тапсырудан бас тартты.

Ал, чемпиондық атағын қорғап қалған Хабиб Нұрмағамедов Макгрегорды жеңгеннен кейін неліктен төбелес шығарғанын түсіндірді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау