Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кейбір адамдар "қызық" болсын деп, 42500 теңгеге өтініш берген - шенеуніктер

Төтенше жағдай кезінде кейбір алматылықтар "қызық" болсын деп 42500 теңге көлемінде әлеуметтік төлем алуға өтініш білдірген. Бұл туралы қалалық әлеуметтік қамсыздандыру басқармасы басшысының орынбасары Данияр Әлкебайұлы мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, бұл төлем барлық жұмыс тоқтатылған кезде төтенше жағдай кезінде тағайындалды. Бұл кезде қаланың тіршілігін қамтамасыз ететін жұмыс ғана жүргізілді.

"Өткен жолы әр жұмысшы төлемге өтінішті өздігінен берген, біз қосымша тексерулер жүргізген жоқпыз. Біз төлемдерді алуға құқығы бар адамдардың көбісіне жәрдемақы төледік. Бірақ қазір жұмыс беруші өз қызметкеріне қатысты ақпаратты бергені үшін жауап береді. Алайда табысын жоғалтпағанымен, өтініш берген адамдар да бар. Ондай адамдар үшін, кәсіпорындардың бірінші басшылары жауап береді", - деді Әлкебайұлы.

Ол бұл жолы кез-келген өтініш беруші табысын жоғалтқан соң ғана өтініш қалдырады деген үмітте. Департамент басшысының орынбасары шынымен мұқтаж адамдарға 42500 теңге көлемінде төлемдер берілетіндігін атап өтті.


  • Кім 42500 теңгені ала алмайды: Министр айтып берді 

  • Қазақстандықтар 1 қыркүйекке дейін 42500 теңге алуға өтініш бере алады 

"Бұрын берілген төлемдер кезінде бірнеше адам маған жеке қоңырау шалды. Олар кірістерін жоғалтпаған, онлайн режимде жұмыс істеп жүрген. Алайда қызық болсын деп, олар осы төлемге өтініш қалдырып, ақша алды. Содан кейін олар ақшаны қайтару үшін мәліметтерді іздеп, әлек болды. Олар бұл төлемді қажет етпейтінін айтты, бірақ олардың жәрдемақы алуға құқығы да болған жоқ. Алматыда ақшаны қайтарған 16 мыңдай адам болды. Менің білуімше, оларға соттан ешқандай шағым түскен жоқ", - деп толықтырды Данияр Әлкебайұлы.

Естеріңізге сала кетейік, 17 шілдеде, күндіз 42500 теңге төлем алуға өтініш қалдыруға болатын веб-порталдар мен Telegram боттарын іске қосу жоспарланған. Еңбек министрлігінің мәліметінше, төтенше жағдай кезеңінде төлемдер алған 700 мың қазақстандықтың қызметі жоғары ықтималдылық деңгейімен қайтадан шектеулерге ұшыраған, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан ең төменгі жалақы мөлшерінде 42500 теңге көлемінде біржолғы төлем тағайындау туралы SMS-хабарлама келіп жатыр.


 

 

STAN.KZ
Жұма, 17 Шілде, 2020 13:24
Талқылау