Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Африкада құрбандарының қанын ішкен нағыз вампир ұсталды

Кенияның астанасы Найробиде полиция 20 жастағы Мастен Ванджаланы бірнеше кісі өліміне қатысты айыппен қамауға алды. Тергеу барысында күдікті он кісі өлтіргенін, сондай-ақ құрбандарының қанын ішкенін мойындады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі MailOnline басылымына сілтеме беріп.

Алғаш рет Ванджала 16 жасында кісі өлтірген. Оның құрбаны 12 жасар қыз болды. Тұтқындалушы тәртіп сақшыларына ұрлап кеткен қызға бірнеше пышақ жарақатын салып, содан кейін қанын ішкенін мойындаған. Көп қан жоғалтқан қыз көз жұмған.

Қанішер екінші қылмысты үш жылдан кейін жасайды. Бұл жолы ол Батыс Кенияда 13 жасар баланы ұрлап, өлтіреді. Баланың қайтыс болуы жергілікті тұрғындардың наразылығын тудырды, олар тергеу жүргізуге шешім қабылдап, тіпті қылмысқа қатысы жоқ ер адамды өлтірді деген күдіктінің үйін өртеп жіберген.



Содан кейін Ванджала тағы бірнеше адамды өлтірген. Полицияның мәлімдемесіне сәйкес, маньяк он кісі өлтіргенін мойындады. Сонымен қатар барлық құрбандардың денелерін табу мүмкін болмаған, өйткені қылмыскер оларды ашық кәріз құбырларына тастаған.

Жас жігіт екі жасөспірімнің денесі табылғаннан кейін ұсталған. Кейін белгілі болғандай ұлдарды ұрлаған Ванджала отбасыларынан төлем талап еткен. Балалардың бірінің әкесінен 330 фунт стерлинг, екінші баланың анасынан 200 фунт стерлинг талап етілген. Екі отбасы да балаларының бостандығы үшін ақша таба алмаған.

Қазір полиция барлық кісі өлімдерінің егжей-тегжейін біліп жатыр, олардың өліміне жауапкершілікті Ванджала өзіне алды.

Ресми ақпарат көздеріне сүйенсек, Кенияда өткен жылы 242 бала хабар-ошарсыз кеткен. Олардың көпшілігі аман табылды, 10-ны өлі табылса, ал 18-нің тағдыры белгісіз.

Талқылау