Кемероводағы өртте жоғалған үш адам аман-есен табылды
Ресей Федерациясының Тергеу комитеті Кемероводағы “Зимняя вишня” сауда орталығындағы өрттен кейін із-түзсіз жоғалып кеткен үш адамды аман-есен тапты.
Қайғылы оқиғадан кейін Кемерово тұрғындарынан құрылған еріктілер тобы өрт кезінде із-түзсіз жоғалып кеткен 13-14 адамның тізімін құрған. Олардың бәрі ресми тізімде тіркелмеген болып шықты. Олардың жоғалғаны туралы хабар алған билік өкілдері аталған адамдарды іздеуді бірден бастады. Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.
“Кемеровадағы өртте 67 адам іс-түссіз жоғалды деген арыз түсті. Осы арыздарды ексеру кезінде үш адам аман-есен табылды. Тергеудің мәліметі бойынша, өрт кезінде 64 адам қаза тапқан”, — делінген Тергеу комитетінің баспасөз хабарламасында.
29 наурыз күнгі кешкі мәлімет бойынша ауруханада тоғыз адам жатыр. Ал 60 науқас амбулаториялық ем қабылдап, зардап шеккен 10 адам тиісті жәрдем алып, емделіп шықты.
Сондай-ақ, дәрігерлер сауда орталығындағы өртте төртінші қабаттан секіріп, ауыр жарақат алған 11 жастағы бала жансақтау бөлімінен шығарылады дейді.
Баланың денсаулығы бір қалыпты. Жасөспірім сол күнгі өртте отбасынан айырылып қалды. Енді оған әжесі қамқор болады.
Оқи отырыңыз:
Басы жоқ болса да өмір сүруге құштар тауық тірі жүр
АҚШ-тың ең әдемі қылмыскері мен миллионердің қызы ата-ана атанбақшы
Наоми Кэмпбелл өте жіңішке мұрны үшін күлкіге қалды
Боянбаған американдық әншіні ешкім танымай қалды