Боянбаған американдық әншіні ешкім танымай қалды

Америкалық әнші Кристина Агилера «Paper magazine» басылымы түсірген суретке опа-далапсыз және жалған шашсыз түскен.

Бұл туралы Daily Mail хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Танымал жұлдыз шоу-бизнестегі 20 жылдық мансабында көптеген бағалы опа-далапты пайдаланған. 37 жастағы Агилераның суреті аталмыш журналдың мұқабасына жарияланғанда, жанкүйерлер әншінің осы уақытқа дейін жасырып келген секпілдерін байқап қалды.

«Әрдайым өзіме тәжірибе жасаған ұнайды. Мен театрлықты жақсы көремін, сондай-ақ өзімнің жеке сюжетімді жасап, сахнада немесе бейнеклипте кейіпкердің рөлін сомдағанды ​​ұнатамын. Негізі мен актрисамын. Бірақ музыкада да өзім қандаймын, өзімді солай бағалаймын. Сахналық бейнені тастап, табиғи сұлулығымды көрсеткенде өзімді еркін сезінемін», – дейді әнші.

Дегенмен, ол боянғанды өте жақсы көретінін және өзінің бұрынғы жарқын бейнесіне қайта оралатынын айтты.

Американдық әнші Кристина Агилера алты рет «Грэмми» және бір рет «Латын Грэмми сыйлығын» алған.  Ән жазып жетістікке жетіп жүрген актриса, әрі биші продюсер шетел телеарналарында танылып жүр.

Оқи отырыңыз:

Танымал Корей әншісі өз үйінде өлі күйінде табылды

Кемеровадағы өрт кезінде сауда орталығы қызметкерлерінің чаттағы жазысқан хаттары жарияланды

Кемеровода өртенген сауда орталығының орнына ескерткіш ретінде ағаш отырғызу ұсынылды

Кемеровода өртенген СО-ның күзетшісі: Дабыл жүйесі 3 жылдан бері жұмыс істемейді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
23.04.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар