Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қазақтың көбейіп жатқаны қайта жақсы": Марат Омаров некесіз туған немересімен тағы кездесті

Марат Омаров ұлы екеуі некесіз туған немересімен кездесіп қайтты. Ұлы Азамат Омаров алғашында баланы мойындамағанымен, қазір әкелік парызын атқарып жүр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 
 

Марат Омаровтың отбасы даулы тақырыптың бірін айналды. Біраз уақыт бұрын бойжеткен Марат Омаровтың ұлынан бала көтеріп, өмірге әкелгенін көпшілікке жария еткен еді. 

Азамат Омаров оның сөзіне сенбегенімен, ДНҚ сараптамасынан соң әкелігін мойындады. Отбасыы азамат некесіз туған қызына қарайласып, кездесіп тұратынын айтады. Ал, немерелі болған Марат Омаров қазақтың көбейіп жатқанына қуанады. 

"Қазақтың көбейгені жақсы ғой. Мен қазақтың ода нәрі көбейгенін қалаймын. Немеремді жақсы көрем. Барып, хәлін сұра тұрамыз", - деді Марат Омаров. 

"Мен ешқашан одан қашқан емеспін. ДНҚ сараптамасын жасауға да келістім. Сәбидің кінәсі жоқ қой. Мен әрдайым оның алдынан шығуға тырыстым", - деді Азамат.

Бұл оқиға Зарина Омароваға да оңай тиген жоқ. Әнші күні кеше әлеуметтік желі арқылы қуанышты хабарды жеткізді. 

"Карантиннің әсерінен біраз жұмыстарды кері шегеріп қойып едік. Енді міне бүгін бұйырыпты. Атасы мен папасы Көзайымға барып қайтты. Балапанмен жүздесіп, қуанып қалды", - деп жазды әнші желіде.

Марат Омаров пен ұлы Азамат Омаров кішкентай қызы Көзайымға барып қайтты. 

"Кеше ғана әкем мен Азамат Көзайымға барып, жағдайын біліп қайтты. Әр бала өз ата-анасын біліп өсу керек. Мен бастапқыда айтанмын. Біз қуана-қуана қарсы аламз деп. Сол уәдемізді орындап келе жатырмыз. Себебі бәріміз адамбыз. Анадан туғанбыз. Бәрі жақсы болады деп ойлаймын. Қазір қарым-қатынасымыз жақсы. Кәмшат та өз бақытын табады деп ойлаймын. Біз өз қызымызға қамқор боламыз", - деді Зарина Омарова.

Азамат Омаровтың Көзайым үшінші перзенті. Алғашқы некесінен екі баласы бар.

"Бұл іс менің әкеме де, әпкеме де ауыр соқты. Маған да, басқаларға да сабақ болса деймін", - деді Азамат. 

Азамат Омаров бұл істің соңына нүкте қойылғанына қуынышты.  


"Астарлы ақиқаттың кесірінен анамнан айырылып қала жаздадым": Марат Омаров отандық бағдарламаны айыптады


 

STAN.KZ
Сейсенбі, 23 Маусым, 2020 10:17
Талқылау