Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан тумасы 10 жыл дайындықтан кейін ғарышқа ұшады

Байқоңыр ғарыш айлағында Халықаралық ғарыш станциясының (ХҒС-68) 68-ші ұзақ мерзімді экспедиция экипажымен бірге "Союз МС-22"  ғарыш кемесін ұшыруға дайындық жұмыстары жүргізілуде. Экипаж құрамында Қазақстанда туып-өскен азамат бар, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

гарышкер

Сурет: KazInform

Байқоңырға келген ХҒС-68-тің негізгі және резервтік экипаждары елдердің туын көтерудің дәстүрлі рәсіміне қатысты.

2022 жылдың 7 қыркүйегінде негізгі экипаж мүшелері - ресейлік ғарышкерлер Сергей Прокопьев, Дмитрий Петелин және NASA астронавты Фрэнк Рубио, сондай-ақ олардың резервтік мүшелері - Роскосмос ғарышкерлері Олег Кононенко мен Николай Чуб және NASA астронавты Лорал О'Хара алғаш рет киім өлшемін жасады. Олар "Сокол-КВ2" құтқару костюмдерін киіп, герметикалығын тексерді.

Одан соң ғарышкерлер мен астронавттар өздері ұшатын "Союз МС-22" ғарыш кемесін қарап шықты. Оның қызмет көрсететін жабдықтарын тексеріп, ұшу бағдарламасын зерттеді. Борттық құжаттамамен және ХҒС-қа жеткізілген жүктермен танысты.


Ғарышты бағындырған тұңғыш қазақ космонавты: Тарихи сапар жайлы маңызды деректер


Кеменің №1 бортинженері, Қазақстанның тумасы 39 жастағы Дмитрий Петелин Қостанай қаласында дүниеге келген. Ол техникалық-экономикалық лицей бітіріп, Оңтүстік Орал мемлекеттік университеті “аэроғарыш”факультетінде білім алып, ұшақ және тікұшақ жасау инженері маманы атанған.

Ол ғарышкерлер корпусында 2012 жылдан бері жұмыс істейді және бұл оның астронавт мансабындағы алғашқы сапар болмақ.

Теориялық космонавтиканың негізін салушы Константин Циолковскийдің атымен аталған "Союз МС-22" басқарылатын ғарыш кемесі 2022 жылдың 21 қыркүйегіне Байқоңыр ғарыш айлағының 31-ші алаңынан ұшырылады деп жоспарланған.

Талқылау