Қазақстанның мемлекеттік қарызы 63,7 миллиард долларға жетті: Ел үкіметі кімге қарыз
1 қазандағы жағдай бойынша Қазақстанның мемлекеттік қарызы жыл басымен салыстырғанда 6,5 % артып, 63,7 миллиард долларға жетті. Еліміздің мемлекеттік қарызы жылдан жылға артып келеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Raking.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: pixabay.com
Мемлекеттік қарыздың:
- 94,4%-ы немесе 60,1 млрд доллары үкіметке;
- 4% немесе 2,5 млрд доллар, жергілікті атқарушы органдарға (әкімдіктерге);
- 1,6% немесе 1 млрд доллардан сәл астам Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне тиесілі.
Қазақстанның ішкі қарызы есептелген күні 45 млрд долларға тең болып, жыл басынан бері 14,7% өсті. Сонымен қатар сыртқы қарыз жыл басынан бері 3,3% төмендеп, 15,1 млрд доллар болды.
Мемлекеттің ішкі қарызы мыналардан тұрады:
- TONIA мөлшерлемесі бойынша индекстелген мемлекеттік қазынашылық міндеттемелер – $2 млрд;
- Мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелер – $1,8 млрд;
- Мемлекеттік орта мерзімді қазынашылық міндеттемелер – $4,7 млрд;
- Мемлекеттік ұзақ мерзімді жинақ қазынашылық міндеттемелері – $1,4 млрд;
- Мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелер – $35,1 млрд;
- Басқа міндеттемелер – 5 млн доллар.
Мемлекеттің сыртқы қарызы халықаралық қаржы институттарының несиелері мен бағалы қағаздардан тұрады. Қазақстан үкіметі мына қаржы институттарына қарыз:
- Халықаралық қайта құру және даму банкі – $3,3 млрд;
- Азия даму банкі – $1,4 млрд; Еуропалық қайта құру және даму банкі – $82,4 млн;
- Ислам даму банкі – $60,2 млн;
- Азиялық инфрақұрылымдық инвестициялар банкі – $633,3 млн;
- Араб экономикалық дамуының Кувейт қоры – $362 мың;
- Жапония халықаралық ынтымақтастық агенттігі – $184 млн;
- Германияның үкіметтік несие агенттігі – $6 млн;
- Қытай Халық Республикасының Экспорт-импорт банкі – $195,1 млн;
- Шетелдік коммерциялық банктер – $200 млн.
Ал бағалы қағаздарға мыналар жатады:
- Еурооблигациялар – $8,4 млрд;
- Ресей нарығында орналастырылған мемлекеттік бағалы қағаздар – $646 млн доллар.
Бұдан бөлек, мемлекет кепілдік берген қарыз да бар. Ол да жыл басынан бері 7,2% өсіп, 3,4 миллиард долларға жетті. Осылайша, 1 қазанға дейін мемлекеттік және үкімет кепілдік берген қарыз 67 миллиард доллардан асты.
Талқылау

"Балам әкесінің дертін "мұра" етіп алды": Қазақстандық шизофрениямен ауыратынын 16 жыл бойы әйелінен жасырып келген
Жанна кез келген адам жарына адал болу үшін өзінің диагнозын айтуға міндетті деп санайды

Таеквондодан бас бапкер жалған құжат жасап, жасөспірімдер жарысына қатысқан: Министрлік оны жауапқа тартпаған
Бапкер жарысқа 2001 жылы қатысқан