Қазақстанның бас прокуратурасы ел аумағында "Көше партиясы" қызметіне шектеу қойды

Қазақстан аумағында "Көше партиясы" ұйымына шектеу қойылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

прокуратура

Бұл туралы ҚР бас прокуратурасы мәлім етті

Астана қаласының Есіл аудандық сотымен 2018 жылғы 13 наурызда «Қазақстанның демократиялық таңдауы» (бұдан әрі – «ҚДТ») қозғалысы Қазақстан Республикасының барлық аумағында оның қызметіне тыйым салумен экстремистік ұйым деп танылған.

2019 жылғы желтоқсаннан бастап тыйым салынған «ҚДТ» көшбасшылары оның атауын «Көше партиясына» өзгерту жөнінде шаралар қабылдады.

"Аталған мән-жайлар Ішкі істер министрлігімен жүргізілудегі  «ҚДТ» экстремистік әрекетін сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында өзінің объективті растауын тапты. Алынған материалдарды зерттеу нәтижелері бойынша сарапшылар «ҚДТ» «Көше партиясы» қозғалысына өзгергені туралы қорытындыға келді. Экстремизмге қарсы іс-қимыл шеңберінде прокуратура «ҚДТ» атауын «Көше партиясы» қозғалысына өзгерту фактісін анықтау туралы сотқа арызбен жүгінді", -делінген ресми хабарламада.

Нұр-Сұлтан қаласының Есіл аудандық сотының 2020 жылғы 19 мамырдағы шешімімен аталған арыз қанағаттандырылды.

Сот «ҚДТ» өз атауын «Көше партиясына» өзгерткенін және олар бір экстремистік ұйым екенін анықтады.

Сот Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында «Көше партиясы» деген жаңа атаумен, оның ішінде БАҚ, телекоммуникация желілерін, әлеуметтік желілерді, мессенджерлер мен бейне-хостингтерді пайдалану, ақпараттық материалдарды тарату жолымен «КДТ» қызметіне тыйым салды.

Заңмен тыйым салынған аталған әрекеттерді жасау Қылмыстық кодекстің 182 (экстремистік топқа қатысу), 258 (экстремизмді қаржыландыру) және 405 - (экстремистік ұйымға қатысу) баптары бойынша қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады.

Барлық осы құрамдар бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді, экстремистік қылмыстарға жатқызылған, қылмыстық жауаптылыққа тарту және жазаны өтеу үшін ескіру мерзімі жоқ.

Оларды жасаған адамдарға шартты түрде соттау, шартты түрде мерзімінен бұрын босату, жазаны өтеуін кейінге қалдыру және жеңілдету, рақымшылық және кешірім жасау қолданылмайды.

Сондай-ақ, олар татуласуына және кепілгерлігіне орай қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатыла алмайды (ҚК-нің 63, 68-78-баптары).

"Бұл ретте, қылмыстық кодекске сәйкес экстремистік ұйымның қызметіне қатысуды өз еркімен тоқтатқан адамдар қылмыстық жауаптылықтан босатылуға жатады. Осыны ескере отырып, азаматтарды «Қазақстанның демократиялық таңдауы» экстремистік ұйымының, оның ішінде «Көше партиясы» деген жаңа атауымен әрекет ететін көшбасшылардың шақыруына ермеуге, оның қызметіне қатысудан қалыс қалуға шақырамыз", - деп қосты бас прокуратура өкілдері.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр