Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанға 1500 жыл бұрын жасалған домбыра қайтарылды

2008 жылы Моңғол-Алтай үңгірінен 1500 жыл бұрын жасалған ерекше домбыра табылған. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлімдеді.

19510355_248345698986755_4786690490557623065_n

“Достарым! Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қатысуымен Дүниежүзі қазақтарының бесінші Құрылтайы өтті.

Осы алқалы жиында мемлекет басшысы ықылым заманнан жеткен бабалар рухын асқақтатқан мың бес жүз жылдық домбыра жайында да сөз етті”, – деп жазады Facebook желісіндегі парақшада.

Алты алашқа сүйінші сұрап, шартарапқа шаттана хабарлайтын қазыналы олжаға қол жеткізген Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жанындағы Түркітану және Алтайтану ғылыми-зерттеу орталығының директоры, Халықаралық Шыңғыс хан академиясының академигі, филология ғылымының докторы Қаржаубай Сартқожаұлының әңгімесіне қарағанда “Ұлы дала елін” жаңғыртқан абыз аспап Алтай тауының бір сырлы үңгірінен табылған-ды.

Монғол Алтай жотасының бір сілемі Жарғалант-қайырқан тауы. Осы таудың “Өмнөхөн аман” (Алдыңғы сай) деген жерге орналасқан Нүхэн-хад (Үңгір тас) деген үңгірден біз сөз еткелі отырған көне домбыраны тауып, 2008 жылы осы жердің тұрғыны Н.Дандар деген шопан алғаш үңгірге тап болып, оның ішінде мойны қисық саз аспабы бар екенін ауыл мектебінің ұстазы Ч.Энхтөр деген азаматқа хабарлайды.

Ч.Энхтөр мұғалім Улан-Батыр қаласында орналасқан Монғолия Республикасы Ғылым академиясының Археология институтына ақпарат жеткізіп, археологтарды шақыртады. Ц.Төрбат бастаған археологтар тобы 2008 жылы 25 маусымда Ч.Энхтөрге келіп Үңгіртастағы үңгірге барып қазба жұмысын жүргізеді.

Монғолияға жасаған экспедиция кезінде саз аспабы туралы мәліметті алғаннан кейін Қаржаубай ағамыз археолог Ц.Төрбатқа жолыққан. Ол саз аспабын көрсетеді. Бірақ, суретін алуға, сызуға келісімін бермей, бұл монғолдардың түйеқобызы деп жалтарады. Өз пікірін білдірген қазақ ғалымы “Бұл – домбыра!” деп шегелеп айтады.

Міне, мынау қазақ домбырасының тиегі, міне мынау екі құлақтың тесігі, шанақ мынау, мойын мынау, перне мынау! Онымен қатар, бұл монғол моласынан табылып отырған жоқ, түрік моласынан табылған! Аспап мойнындағы түрік бітік жазуы мынау. Не үшін мұны монғолдарға тарта бересіңдер деген мәселені төтесінен қойып, “Мынаның мойны жіңішке. Бұл шертіп үн шығаруға арналған аспап” дегенді айтып дәлелдепті.

Ал, аспаптың мойнының иірілгеніне келетін болсақ, оның себебі мынау екен. Қандай бір осындай ағашты қабырғаға тігінен қоя салсаңдар дымқыл ауа жерінен ұзақ мерзімнің ішінде мойны иіріліп қисайып қалады. Аспаптың мойнында бір жол түрік бітік (руна) жазуы да бар екен”, – деп түйіндеді министр.

Тағы да оқыңыз:

Алматы облысында полицей көлігіне дәрет сындырды деп күдіктелген жігіт ұсталды

Ораза айтта әр мұсылман атқаруы тиіс 6 амал

Алматыда полицейлер бір автобус толы Иегова куәгерлерін ұстады

4 жасар Жомарт алып асықты елбасыға апарып бермек

Түркия президенті мешітте есінен талып құлады

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр