Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық емші жылан мен кірпі сорпасын беріп науқастарды емдеп жүр (видео)

Бүгінде экологияның ластануы ма, әлде өзге де себептері бар ма, әйтеуір басы ауырып, балтыры сыздайтындардың қатары көбейген.

zhylan

Бұл туралы Замана газеті хабарлайды.

Әсіресе жаз маусымы аяқталып, күздің басталар шағында бойындағы дерті асқына түсетіндер аз емес. Осындайда біреулер дәрігерге қаралып, дәрі-дәрмекпен емделуді жөн санаса, енді бірі халық еміне жүгінгенді дұрыс деп есептейді. Тіпті дәстүрлі медицинаға «бағынбаған» кейбір дертінен халық емінің көмегімен айығып жатқан жандар да жоқ емес. Міне, осы ретте халық емінің қыр-сырын меңгеріп жүрген Амалбек Серқұлов жөнінде айта кеткен жөн шығар.

zhylan1

Амалбек Серқұловтың адам емдеудегі тәсілі өзгелерден ерек. Ол алдына келген науқасты бірнеше сатыдан тұратын өзіндік ем түрлерімен емдейді. Араға шақтырады, жылан мен кірпі етінен сорпа әзірлеп береді. Фито және физиотерапиясы да бар. Сондай-ақ сүлік те сала біледі, қажет десеңіз, бойыңыздағы артық қанды  хиджама жасау арқылы алып тастайды.

«Бал арасының уында көптеген ферменттер мен амин қышқылдары бар. Адам ағзасына 24 амин қыш­қылы қажет болса, соның 18-і араның уында кездеседі. Яғни ағза тіршілігінің қызметі үшін аса қажетті. Ара уындағы қабынуға қарсы ферменттер гормондық дәріден 100 есе күшті. Ауырсынуды басатын қасиетін айтсақ, бір ғана морфиннің өзінен 100 есе артық. Ісікке қарсы қасиеті бар, әдетте антибиотик дәріні қолдансаң, ағзаның екінші бір зиянды микроорганизмдері сыр береді, ал ара уында олар жоқ. Яғни стрептококк, стафилококк, ішек таяқшалары, іш сүзегі, туберкулез таяқшалары секілді бактерияларға қарсы емдік қасиеті жоғары, – дейді Амалбек емші. – Сонымен қатар ара уы көптеген ауруға, оның ішінде ревматикалық полиартрит, артрит, ревматизм, жүйке аурулары, остеохондроз, остеопороз, псориаз, ішкі құрылыс, буын аурулары, колит, ас­қазан жарасы, холецистит секілді ауруларға бірден-бір ем. Бұдан өзге гинекологиялық, тыныс жолдары және осы секілді өзге де сырқат түрлерін емдеуге болады.  Дегенмен емделемін деп ниет еткен жандар шыдамды болғаны абзал. Сондай-ақ емді аз-аздан бастаған жөн, яғни шағатын араның санын да біртіндеп көбейткен дұрыс. Әйтпесе ем екен деп бірден көп араға таланған адамның жағдайы күрт нашарлап кетуі мүмкін».

zhylan2

Амалбек емшінің емдеу тәсілінің екінші сатысы – жылан және кірпі етінен жасалған сорпа. Бұл сорпа ағзаны түгел тазалайды, қан алмасуды реттейді, қанды сұйылтатын қасиеті бар екен. Тіпті алғашқы кезеңдегі рак ауруын емдеуге де болады екен.  Ал оны дайындау тәсілі айтарлықтай қиын емес. Әуелі жыланның басын кесіп, ішін тазалайды да, таза сумен жуады. Сосын терісімен бірге қазанға салып қайнатады. Оған тағы кірпі етін де қосуға болады.

«Дайын болған сорпаны біз емделушілерге беріп жібереміз. Тоңазытқышта сақтап, керегінше жылытып іше берсе болады, – дейді Амалбек Серқұлов. – Айтпақшы, біз жылан етінен талқан да жасап береміз. Негізінде жылан етінің қылтығы көп болады, кейбіреулерге бұл ыңғайсыздық тудырған соң оны еттартқыштан өткізіп, кептіріп, талқан етіп беруімізді сұрайды. Оны да сатып алып жат­қандар баршылық. Ал сорпаның бағасына келер болсақ, ол қазанға түскен жыланның көлеміне байланыс­ты. Мал сияқты олардың да бағасы әртүрлі, семізі, арығы бар, жазда жер бетіне шыққаны арзанырақ, қыста қымбатырақ болады. Емделушілер бір жыланды шамамен 10 – 15 мың теңгеге сатып алса, содан сорпа әзірлеп бере аламыз».

Амалбек емші алдына келген нау­қасқа тағайындалған емнің жағатын-жақпайтынын жіті бақылайды, тіпті алдын-ала тексеріп те алады. Тиісті емді содан кейін ғана қолданады.

 

Аралқұмдық емші бала Ербосын 17 жыл сөйлемеген қыздың тілін шығарды

Құран сүрелерімен емдейтін шымкенттік емші айықпас дертке шалдыққандарды ауруынан жазады

Емші бала Ербосынның өмірі қазір айтарлықтай өзгерген (фото, видео)

Ақтөбедегі аты шулы емші Қыдыр атаның бір күні

13 жастағы аралдық баланың емін қабылдауға Ақтөбеде бірнеше мың адам жиналуда

Қызылордадағы «Қағба» басына барып, қасиетті құдықтың суынан шипа іздеушілер көп (фото)

Талқылау