Емші бала Ербосынның өмірі қазір айтарлықтай өзгерген (фото, видео)

Сейсенбі, 26 Сәуір , 2016 16:43

11 жасында аты еліміздің бар аймағына тараған Ербосынның өмірі қазір айтарлықтай өзгерген. Емші бала биыл 13 жасқа толыпты. Ой тоқтатып, өмірлік жоспарларын құрып  үлгерген. Халық арасында «Үкілі бала», «Емші бала Ербосын», «Жын кірген бала», «Аралдық емші бала» деген атпен танылған Ербосын  Серікбаевтың үйіне STAN.KZ  сайтының тілшісі арнайы барып қайтқан еді.

ем2

Аралға бара қалсаңыз халық Ербосынның есімін естігеннен бастап үйін көрсетіп беруге әзір тұрады. Себебі, өзге өңірлерден, шетелден келіп емшінің үйін сұрайтындар көп екен. Тіпті екі жыл бұрын, Ербосынның үйіне сыймаған емделушілер көршілерінің бөлмесін жалға алып, сонда  тұрғаны жайлы да айтылған еді. Бұл жолы бұрынғыдай емшінің есігінде кезек күтіп тұрған халық қарасы аз.

ем1

«Биыл 7-сынып оқып жатырмын. Жасым 13-ке келді. Бұрынғыдай мұғалімдер үйге келіп оқытып жатқан жоқ. Мектепке қатынап жатырмын. Ал  сабақтан кейін іздеп келген кісі болса емдеуге тырысамын»,-дейді Ербосынның өзі.

ем6

Ербосынды көріп емін алған адам оның мінезді екенін бірден байқайды. Себебі, ол кейде адамның сұрағына жауап бермейді, кейде үлкен кісінің өзін жекіп тастауы мүмкін.Тіпті кей кісілерге шекара асып келген болса да емдемейтінін айтады. Ал, кейде тіптен басқа адам. Осы мінезінен кейін болар имамдар Ербосынның бойында жын бар деген пәтуа шығарған еді.

ем5

«Менің бойымда жын болса Құран кітабын ұстай алмас едім. Сүрелерді оқымас едім. Қазір жасым жеткелі намазға жығылуды жоспарлап жүрмін. Көптеген өзім білмейтін сүрелерді жаттап жатырмын. Алдыма көмек сұрап келген кісілерді осы Құран сүрелерімен емдеймін. Ал менің бойымда жын бар дегендер маған қасақана жала жабушылар. Олар менің жұртқа танылып, елдің сенімін ақтап жүргенімді көре алмайды»,-дейді Ербосын.

ем3

Қостанай облысынан келген Мәруа Ерғалиева соңғы уақытта денсаулығы сыр беріп жүргенін айтады. Құлағы дұрыс естімейді екен. Оның үстіне көз ауруы да бар. Сол себепті алыстығына қарамастан  Ербосынның емін арнайы іздеп келіпті.

ем4

“Ербосын туралы мен осыдан біршама уақыт бұрын естіген болатынмын. Бұл екінші рет келуім. Еш өкінбеймін. Өз басым, бұл баланың бойында айрықша емшілік қасиеттің бар екендігіне сенемін. Қазір денсаулығым айтарлықтай  жақсы. Бірінші рет ем салғаннан кейін, көзімнен парлап аққан жас сап тыйылды. Алдағы уақытта тағы да келемін”, – дейді әжей.

Ербосын сырқаттанып келген кісіні қамшымен ұрып, ем салады. Көбіне көз, құлақ, жүрек, бүйрек ауруларын емдей алатынын айтады. Сондай-ақ, церебральді балалар параличіне шалдыққан жасөспірімдерге де көмек қолын созады екен.

“Мен қатерлі ісік және туберкулез ауруын емдемеймін. Сондай-ақ, пышақ тиген жерлерге ем салу  оңай болмайды. Маған ем алуға келген адамның ең бірінші кезекте ниеті, сенімі болуы қажет. Сынап немесе сенбей келген адамның жазылмайтыны анық. Осыдан бірнеше жыл бұрын жасы отыздан асқан келіншек келді. Апаттан кейін арбаға танылған екен. Ауылда жатып, ем алды. Жетінші рет ем алғаннан кейін балдақпен жүре алатын болды. Арбасын маған тастап кетті. Мұның барлығы сенімнің арқасы”, – дейді Ербосын.

Емші бала өз қызметі үшін нақты көлемде ақы сұрамайтынын айтады. 7 теңге тастап кеткен адамға да риза болатынын жеткізді.

“Қазір менің қызметіме төленіп жатқан ақшаларды жинап, Қосжар елді – мекенінен мешіт салдырып жатырмын. Барлық садақалар сонда кетіп жатыр. Болашақта халық Құдайға сиынатын киелі үйдің болғанын қалаймын”, – дейді ол.


Жіберіп алмаңыз:

Ақтөбедегі аты шулы емші Қыдыр атаның бір күні


Мұғалімдері әп-сәтте есімі емшілігімен шыққан  баланың үлгерімі жақсы екенін айтады. Ербосынның сөзінше, достары мен сыныптастары оған деген көзқарасын өзгертпеген. Қолы қалт еткенде құрдастары секілді доп қуалап, ойнап келгенді жақсы көреді.

“Болашақта дәрігер болуды армандаймын. Стоматолог немесе терапевт болуды жоспарлап отырмын. Ғұмырымды халықты емдеуге арнағым келеді. Осы биік шыңдарды бағындырсам, арманым жоқ”,-дейді Ербосын.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

46
Комментариев
  • Жұмбақ жан says:

    Ибилстин балдарымен дос болгар бала.Алланын лагынетине душам болмай турганда таубене кел.айтпесе кеш болады.бунт жасап отыргоны Алланын кахарын тудыратын истер ол ширик.

    • Баян says:

      Бастарыңа іс түспей білмейсіңлер, ауырған адам білер рас өтірігін

      • Жандос says:

        Менин еки улым бар, биреуи катты сыркаттанып медицина шарасыз болса мен озим олсем де, балам олседе Ербосыннын алдына бармас едим. АЛЛАh улык. Мен Алладан гана сураймын киналганымда. АЛЬХАМДУЛИЛЛЯХ

        • Анонимно says:

          Басына шынымен сондай ис туссе, сол баланын босагасына барып жатарсын.

  • Жұмбақ жан says:

    Көралмагандар тұз жаласын осындай емші баурлар коп болсын.

    • Жұмбақ жан says:

      Алла журегине иман берсин,Алла адасушылыктан сактасын

    • Күнбағыс says:

      Оданда тұз жалайық бұндай адамға барғанша.

    • Жандос says:

      Не деген надан карангы адамсыз. Сизде тауыктын миындай ми болса булай жазбас единиз. Жоктан бар еткен Аллаhты тастап, бир тамшы сасык судан пайда болган жаратылысты колдаганыныз оте оте кате.

      • Анонимно says:

        Сіз адал болсаңыз неменеге соз таластырып отырсыз.Сіздің бірөзініз ауылды,калган жұрт жылымен.Адамдар көргенін айтып отыр.Бірінші Алла,екінші бул балага Алланын берген сиы.Ванганыда сойтіп ит кылып еді сендей бір білгіш,не соңында Ванганын айткандары
        келмедіма.Ол емші деген бұрыннан келаткан зат.ол бар сенемін

      • Нұреке says:

        Көкек өз атын өзі , шақырады, деген мақала бар,,,кукук,,, кукук деп мына тауық , деп өзін , тауыққа теңеп отыр.

    • Anonymous says:

      Үлкендерге деген кішкене сыйластық болу керек бауырым. Өзінше имамға сөз қайтарып бір нəрсе таптыңба. Бауырым бұл сенікі дұрыс емес

  • Жұмбақ жан says:

    Ербосыннын мекен жайын жазып жібересіздерма?

    • Жұмбақ жан says:

      Бул жолдан кайтпаса онын мекен жайы тозак
      Сол жактан тауп кездесуден сактасын

  • Balnura says:

    Бұл балақайдың ішіне жын кірген деген болатын имамдар..Расында да жүрек деген құмыра ғой дін кірмесе ішіне жын кіретін..Аллаһ тура жолға салсын…

    • Жұмбақ жан says:

      ай кайдам озим сенбейм осы балага

      • Жұмбақ жан says:

        Аллаға серік қосасыз сенсеңіз. Мойныңызға күнә алмай сенбей жүре беріңіз. Шын сеніңіз бір Аллаға ол сізді кез келген аурудан емдейді.

      • Anonymous says:

        Дұрыс

  • Жұмбақ жан says:

    Ен биринши Ниет етип сениммен келу керек диди. ЖОК тек АЛЛАга сенип АЛЛА дан дуга етип шын ниетпен сурау керек.

  • Жұмбақ жан says:

    Жолы ашық болсын лайым!!!

  • Рекрут says:

    Бириши сол бала озин емдеп алсыншы, недеген карангы халыпыз аликунге деин емшиге сенетин

  • Жұмбақ жан says:

    Ерболсыннын мобильди телефон номерин бериниздерши маган.

  • ТУРСЫНАЙ says:

    Аллага озине жар болсын. .даригер болгын келсе ниетің қабыл болсын.

  • Айжан says:

    Ин ша Аллах. Ниеті ен басты жаксы екен, Алланың уйін салып жатса несі жаман. Əр адамнын боиында касиет бар деп оилаимын, бирак дурыс жакка бурып карағаны да абзал. Ең басты біз Алладаң сурап дуға жасау керекпыс, жаратқан біз ол . Бари бір Алланың кудіретінде

1 2 3

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
20.09.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар