Қызылордадағы «Қағба» басына барып, қасиетті құдықтың суынан шипа іздеушілер көп (фото)

Бейсенбі, 5 Мамыр , 2016 13:48

Зиярат етуге келушілер алдымен Хорасан атаның басына тоқтап, Құран бағыштайды. Кейіннен ұлы ғұламадан тараған ұрпақтарының бейіттеріне барып, тілектерін тілеп, мұсылмандық ишарат жасайды. Ақ жаулықтарын іліп, армандарын айтады.

а

Кесенеге Stan.kz сайтының өңірдегі тілшісі де барып қайтқан болатын.

аа

Сыр елі қасиетті бабаларымыздың мазарлары көптеп орналасқан өлке. Мұнда өзге өңір тұрғындары арнайы ат терлетіп келетін кесенелер  көп. Солардың бірі – Жаңақорған ауданынан 40 шақырымда орналасқан «Хорасан ата» кесенесі. Хорасан атаның өте данышпан, емші, ақылгөй кісі болғаны тарихтан белгілі. Ал, бұл киелі жердің өзгелерден ерекшелігі – мұнда Меккедегі Қағбаның көшірмесі бар.

вв

Күннің ыстығына қарамастан баба рухына Құран бағыштап, тілек тілеуге келгендердің қатары қалың екен. Оның ішінде кесене қасында орналасқан Қағбаның көшірмесі көпшіліктің қызығушылығын тудырып келеді. Өкінішке орай, бұл ғимараттың бұл жерге қашан және қалай тұрғызылғаны туралы нақты дерек жоқ. Ертеректе Хорасан атаның ұрпақтары салған деген ақпарат қана бар.

ввв

«Ертеде Хорасан атаның баласы ғұлама, имам болған екен. Әкесі Хорасан ата әр жұмада «Тотықұс» аралынан Ақмаямен желдей ұшып, Меккеге барып Бамдат намазын өтеп қайтады екен. Осыны сезген Хусаин әкесіне: «Рұқсат етсеңіз, Меккедегі Кағбатілләні осында көшіріп әкелейін», – депті. Сонда Әбдіжәлел баб баласын сынау үшін рұқсат етіпті. Бір күні таңертең баласы үйге кіріп: «Әке, Кағбатілләні әкелдім, қай жерге түсірейін» – дейді. Баб сыртқа шықса, үй бойындай биікте кілем үстінде Кағбаттіллә тұр екен. Ит үріп, тауық шақырып, түйе боздап, ауыл у шу болыпты.  Сонда баб:    -«Балам сені сынайын деп едім, құдіретіңе сендім. Жерге түсірме Қағбаның көлеңкесін сызып алайын, өзін қайта орнына апарып қой. Бұл жерде аяқ асты болады.  Өз орнында тұрғаны дұрыс дейді. Кағбатілланың сол сызып алынған көлеңкесі орнына топырақ үйіліп, ұзамай оның серігі жаңадан тұрғызылады. Меккеге бара алмаған адам Құрбан айт намазында сол Қағбатілләні 7 рет жүгіріп айналып өтетін болады депті». Бұл Қағбаның осы жерге келуі туралы халық арасында кеңінен тараған аңыз. Бірақ оның шынайылығы расталмаған.

й

1995 жылы Жаңақорған ауданында Хорасан атаның өмірден өткенінің 1100 жыл толуы кеңінен аталып өтті. Ғұламаның ұрпақтары жиналып, кесені қайта жағартты. Жанындағы Қағба да жөнделіп, ретке келтірілген болатын. Қазір Қағбаның ішінде VІІ-VІІІ ғасырлардан қалған тастар қойылған. «Тасқа қолынды қойып, ең үлкен арманын айтқан адамның тілегі орындалады» деген аңыз бар. Осыдан бірнеше жыл бұрын «Қағбаны 7 рет айналған адамның қажылығы өтеледі» деген қауесет әңгіме тараған болатын. Тіпті,  әңгімеге еріп, осылай жасағандар да көп болды. Кейіннен оған жергілікті шырақшылар тыйым салып, қарсылық білдіріпті.

н

Зиярат етуге келушілер алдымен Хорасан атаның басына тоқтап, Құран бағыштайды. Кейіннен ұлы ғұламадан тараған ұрпақтарының бейіттеріне барып, тілектерін тілеп, мұсылмандық ишарат жасайды. Ақ жаулықтарын іліп, армандарын айтады.

с

«Бұл жерге алғаш келуім. Әдетте біз Түркістандағы «Қожа Ахмет Яссауи» мен «Арыстан бабқа» баратынымыз рас. Бұл бабамыздың да тарихтан алар орны ерекше деп ойлаймын. Негізінен, осы Қағбаны көру арманым болатын. Бүгін осы мақсатыма жеттім», – дейді Шымкент қаласынан келген Жанар Сүлейменова.

сс

Жанар секілді мұнда отбасымен бірге келетіндер көп екені байқалады.

у

Кесенеде суының емдік қасиеті бар құдық та бар. Дертке шалдыққан адамдар арнайы ниет етіп, суын ішіп кетеді. Тіпті қасиетті сумен жуыну үшін, арнайы орындар әзірленіп қойылған. Намазхана да бар. Жыл сайын кесене басына зиярат етуге келетіндердің қатары артуда. Тіпті бұл аумақ алдағы уақытта туристік аймаққа айналуы әбден мүмкін.

ф

чч

ч

Жіберіп алмаңыз:

Емші бала Ербосынның өмірі қазір айтарлықтай өзгерген (фото, видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

31
Комментариев
  • Жұмбақ жан says:

    Астахфирльа мынау таза адасушылық жүрегінде иманы жоқ адамдардың ісіғой түсінбедім сонда жоғарыдағы діни өкілдері неге осындайларды қадағаламайды екен неге тыйм салмайды сол өңірде тұратын имамдар қайда қарап отыр яғни осы жердің шырақшысы неге осыларды келген адамдарға дұрыс бағыт бағдар бермеи мекен жер бетінде қағба біреу ақ қана мынау бір байағы пайғамбарымыз с.ғ.с. заманнындағы қағбаға толған құдай деп табынып жүрген əртүрлі қолдан жасалған путтарға ұқсайды екен қызылордадағы қағба деп қойады құдай бетін ары қылсын мүсылман бауырлар адаспайық не істесекте ойланып істеген жөн

    • Жұмбақ жан says:

      Ассаламуалйкум уа рахматуллахи уа баракатуху бауырлар’ Алла сактасын бұл Ширк’

  • Жұмбақ жан says:

    Ой масқара,масқара! Бұл Жаңақорғанда ма? Шектен шыққан екенсіңдер əбден. Не кілең сауаты жоқтар ма? Ей ең үлкен ширк қой бұл! Бармаңдар ол жаққа. Атаңның басы қажылығың өтеледі мисыздар!!!

  • Жұмбақ жан says:

    Адамдар соншалықты топаспа осыған сенетін кішкентай баланыда алдай алмайсыңғой былай

  • Жұмбақ жан says:

    Астағфирулла ешкім ешқашан Қасиетті Қағбаны орнынан ала алмайды! Бабаларымызға жала жауып осындай əңгімелерді айтатындар Алла алдында жауап береді!

  • Жұмбақ жан says:

    alla saktasin.bul musilmandar jasaitin kilikpa .bu allaga serik kosu

  • Жұмбақ жан says:

    Адасқандар ғой бұлар.Алла сақтасын.

  • Жұмбақ жан says:

    Осыган сенип журген сорлы акымак казактар ай

  • Жұмбақ жан says:

    ай! малдар ай,малдар ай

  • Жұмбақ жан says:

    Мынау каба емес бул адасушылык.
    Бул улкен куна

  • орда says:

    Құдай сақтасын! Бұл ширк қой. Әй мұсылмандар бармаңдар ол жерге. Қорасан атамыздың рухына бағышталған құранды үйде де оқуға болады.

1 2 3

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.09.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар