Аралқұмдық емші бала Ербосын 17 жыл сөйлемеген қыздың тілін шығарды

Бейсенбі, 4 Тамыз , 2016 10:06

Шымкенттен Қызылордаға жолаушы тасымалдайтын Нұржан Сейдуалы есімді жігіт емшілігімен аты шыққан Ербосынның кереметтігіне таңдай қаққанын журналистерге айтты.

em5

Көптеген қызықты оқиғалар жайлы ол “Замана” басылымына баяндап берген.

 “Біз барғанда бала емшінің алдында кезек күткен адам көп еді. Ербосын келушілерін 5 күн емдейді екен. Сол бес күнде атамызбен бірге мен де ем сеансына кірдім. Өзге айтса сенбейтін жайларға куә болдым. Арамызда 17 жыл бойы тілі шықпаған бір бойжеткен болды. Ол менің дәл алдымда отырды. Сол қыздың арқасына бір-екі рет қамшысын тигізген Ербосын: «Сен сөйлей аласың. Ал, айтшы, атың кім?» – деп еді, «Айнаш», – деді әлгі қыз сәл-сәл тұтығып. Мұны көргенде бәріміз таң-тамаша қалдық. Сондай-ақ мен арбамен келген, жүре алмайтын 4 адамның орнынан тұрып, табанын тең басуға жарағанын өз көзіммен көрдім. Оның біреуі жас бала еді. Сонда олардың қуанып, жылағандарын көрсеңіз!”, – дейді Нұржан.

Нұржанның айтуынша, денсаулық деп шырылдаған адамның көп екенін Ербосынға барғанда байқауға болады.

“Көздері -15, -17 болып, көзілдіріксіз күн кеше алмай қалған жастар көп. Бір сеанс­тың өзінде осындай 25-ке жуық адам болды. Солардың көбісі бес күнде көзілдірігін сындырып, жанары жарқырап шыққанын көргенде жағамды ұстадым. Осыдан кейін Ербосынның кереметіне қалай сенбеймін?”, – дейді ол.

Нұржан Сейдуәлі Ербосыннан өзінің де ем алғанын айтқан.

“Мен жиырмадағы жігітпін. Аллаға шүкір, денім сау. Оған алғаш қаңтар айында аталас атамды алып бардым дедім ғой. Сол кезде қатты тұмауратып тұрғанмын. Әшейінде тұмау тисе, басымды көтере алмай жатып қалушы едім. Көпшілікпен бірге сеансқа мен де кіргенмін. Сол күні-ақ аурудан із қалмады”, – дейді таңданысын жасыра алмаған жігіт.

Сонымен қатар, ол Ербосынның түске кіріп те емдейтінін айтқан.

“Айтсам ертегі дерсіз. Сонда да тағы бір қызықты айтайын. Бірде азу тісім қатты ауырып, түн жарымына дейін жаныма батты. Осыдан таң атса барамын да жұлдырып тастаймын деп жатып көзім ілініп кетіпті. Бір кезде қолына қамшысын ұстап есіктен кіріп келген Ербосын бір-екі рет ұрып жібергендей болды. Оянсам, тісімнің ауырғаны қойып қалыпты. Сол тісім әлі орнында. Жұлдырған жоқпын. Одан бері ауырған да жоқ. Ербосынға осыны айттым. Менің ауырғанымды ол білді ме, әлде ғайыптан болған оқиға ма, өзім де түсінбей қалғанмын. Балалықпен айтты ма, шын ба, әйтеуір ол маған: «Білемін, аға», – деді”, – дейді Нұржан.

Емші Ербосын бұған дейін телеарнаға шығып, бірнеше рет сұхбат берген. Алайда, мешіт имамдары да, желідегі кейбір қолданушылар да оның емі дұрыс еместігін айтып қарсылық танытқан болатын.

Жібері алмаңыз:

Емші бала Ербосынның өмірі қазір айтарлықтай өзгерген (фото, видео)

Ақтөбедегі аты шулы емші Қыдыр атаның бір күні

13 жастағы аралдық баланың емін қабылдауға Ақтөбеде бірнеше мың адам жиналуда

Қызылордадағы «Қағба» басына барып, қасиетті құдықтың суынан шипа іздеушілер көп (фото)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

7
Комментариев
  • Анонимно says:

    Бұның бəрі жындардың ісі, бақсылар жындардың досы. Бұны Аллаһ өзі ашып айтқан, бақсыға барған адамның қырық күн намазы қабыл болмайды. Бақсыға сену ширк. Аллаһ оларды əдейі сынайды бірақ надандар оларды керемет санап кетеді. Бірақ, ахиретте жазасы ауыр болар. Тек Алладан ғана жəрдем сұрап, Алланың ғана құдіреті мен кереметіне сеніп, тамсану керек.

  • Анонимно says:

    Талқылауға қосылыңыз

  • Макпал says:

    Емшинин мекен -жайы? Телефон? Менде баргым келеди.

  • Анонимно says:

    Кішкентайынан очки киетін (лупа)очкисіз аяқ баса алмайтын туыс сіңілім бір сеанстан соң ақ очкисіз жүріп кетті. Соны көріп өз қыздарымды апарып едім бес күн ем алдық еш нəтиже болмады.Бəрінің сəті əуелі Алладан, екінші Ерболсыннан.

  • Анонимно says:

    Жарнаманың шебері екенсің

  • Анонимно says:

    Менин 2 ажем бирге барган ештене де озгерген жок. Бари отирик. Ар дерттин шипасын тек Алладан тилеу керек

  • Анонимно says:

    озинин бир туысыма бирдемего пиар жасап журген тек бир аллага сеник бауырлар

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар