13 жастағы аралдық баланың емін қабылдауға Ақтөбеде бірнеше мың адам жиналуда

Жексенбі, 10 Шілде , 2016 9:24

13 жастағы Аралдық емші-баланың сеансын қабылдауға бірнеше мың адам жиналған. Жуырда бала Ақтөбеге келіп, оның қабылдауына кіруге де үлкен кезек пайда болған.

ыукук

Сурет newstaraz.kz

Бұл туралы Aktobetimes хабарлайды.

“Мұнда бала ем жасап жатыр. Аяғынан жүре алмайтын бірнеше адам бар еді, олардың бәрі жүріп кетті. Сену керек”, – дейді кезекте тұрған әйелдердің бірі.

Ербосын өз сеансы кезінде Құраннан үзінді оқып, қамшымен ұрады екен.

“Ол кішкентай кезінен бері емдеп жүр. Бүгін мен екінші сеансқа келіп тұрмын. Шынымды айтсам, емдеу процесінің қалай жүретінін айта алмаймын. Негізі сауығып кету үшін үш сеанс керек. Тіпті арнайы төлену керек ақы да белгіленбеген. Әр адам қаншалықты мүмкіндігі бар, соны беріп жатыр,” – деді тағы бір емделуші.

“Мен екі рет инсульт алғанмын”, – деді сөзге қосылған ақтөбелік Татьяна. – Көмегі тиер деп үміттенемін. Мұнда өз әпкеммен және көршіммен келдім.

укук

Ғажайып-баланың алдына жиналған адамдардың ішінде мүгедектер де, қоларбаға таңылғандар да, балалы әйелдер де бар.

Ер адамның бірі баланың суретке түскісі келмейтінін және тілшілермен тілдесуге құлықты емес екендігін айтты: “Ол сеанс өткізуге емес, тек туыстарына қонаққа келген екен. Мұнда шамамен бір айдай болады. Негізі ата-анасымен Ақтөбеге көшіп келіп, осындағы мектепке оқуы мүмкін. Ербосын адам емдемей жүре алмайды. Егер адамдарға көмек қолын созуды тоқтатса, бірден ауырып қалады”.

Дегенмен, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиевтің айтуынша, ресми медицина емшілерге күмәнмен қарайды дейді.

“Егер адам емдесең, онда сертификат немесе диплом керек. Күн ыстықта баламен ұзын-сонар кезек күтіп тұрғанша, одан да дәрігерлерге барып қаралған дұрыс”, – дейді ол.

“Ол менің көзілдірігімді алып сындырып тастады да, енді мүлде киюдің, жалпы келудің қажеті жоқтығын айтты. Нәтижесінде мен тап-таза көре бастадым. Сенсеңіздер де, сенбесеңіздер де шындық осы! А ұрған қамшыдан арқам ауырып тұрғаны рас”, – дейді желі қолданушыларының бірі.

Ал енді бір әлеуметтік желіге жазушылар, оның тек бизнес екендігін ашына жазыпты. Әйтсе де, желіде оны мақтап, еміне шипа келтіргенін жазып жатқандар көбірек.

“Мен Аралқұмға балаларыммен бардым. Қызымның көзі нашар көріп, жүрегі ауыратын. Үш күн ем қабылдады. Қызымның жүрек соғысы күшейіп, денсаулығы жақсарды”, – дейді тағы бір әйел.

Жалпы, Ербосын Серікбаев Қызылорда облысы, Аралқұм ауылында тұрады. Ол өз үйінде бес мыңға дейін адамдарды қабылдай береді. Оның айтуынша, түсінде ақсақал адам кіріп, адам емдеуге аян берген. Сол уақыттан бері осы кәсіпті қолға алыпты.

Бұған дейін емші баланың өмірі туралы жарияланған еді.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

17
Комментариев
  • Анонимно says:

    Шайтан

    • Анонимно says:

      Шайтанды көріп ұстап алып па едің қумаш а

  • Анонимно says:

    Ол жалпы шайтандармен байланысы бар бала… Алла сактасын

  • Анонимно says:

    Ал мен жалпы емшилерге сенем пайдасы тиймесе мунша адам жыйналмайды бул баланы бир шама казак биледи 13 жастагы ойын баласы не бизнести билема не?аруах бар боп турго бойында

    • Анонимно says:

      Әрине аруағы бар бала, қазақ аруақты сыйлаған халық

  • Анонимно says:

    Емші болса аурухана ашпайма.Əркімге барып керек емес.

  • Анонимно says:

    Ақымақ елге арамза молда дегендей,сенетін жағдай емес,тв бір бағдарламада бала емес бале сиякты ұрысқанын көрдім

  • Анонимно says:

    Мүгедектің аяғына тұрып кеткен адамның толық аты жөні мен дəлелді ақпарат болмаса мынандай өтірік көз бояушылыктын кажеті жок. Мен сол балага барып тілдескендердің қатарындамын! Ешкандай емдік касиеті жок. Калай камшымен урганын, емнің неше минут болатынын білемін. Сондайак сол ауылы толыгымен бизнеске айналган. Ашык түрде акша сұраған да кнз болды. Айта берсем коп. 2 куннің ішінде керек ақпаратты алдым. Тилдескен ем алушылардың ешкайсысы жазылган жок. Бұл дəлелді ақпарат. Өз көзіммен сол адамдарды көрдім. Аллахка серік қоспаныздар! Емді құраннан іздеу керек. Ее болмаса дəрігер. Ал бул емші бала мыс құдайдан корыксын. Бір бағдарламада имаммен салгаласып урысып жатканда жағамды ұстадым. Маскара!

  • Анонимно says:

    Аллаха серк косу сенбеныздер

  • Анонимно says:

    Алладан артық емес

  • Анонимно says:

    Отирик ол емши емес шарлатан сенбеңиздер бир Аллага сениниздер

  • Анонимно says:

    Оттаған емші ол. Сенбеңіздер.

1 2

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
11.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар