Қазақстандықтарға неге Аяз ата мен Ақшақар шақыруға болмайды: Министрлік түсіндірді
Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова Аяз ата мен Ақшақарды жаңа жыл қарсаңында үйге шақырудың қажеті жоқ екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистер жаңа жыл кешіне Аяз ата мен Ақшақарды неге шақыруға болмайтынын сұрады.
"Бүгінде эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына жол бермеу үшін барлық шаралар қабылдануда. Жарлықта барлық корпоративті іс-шаралар мен ертеңгіліктерге тыйым салынатыны айтылған. Сәйкесінше үйге аниматорларды шақыруға жол берілмейді. Мен коронавирус жұқтырғандардың 30 пайызы асимптоматикалық науқастар екенін еске салғым келеді", - деп атап өтті ол.
Есмағамбетова күн сайын Аяз ата мен Ақшақар бірнеше үйді аралайтынын айтты. Бұл эпидемиологиялық жағдайды нашарлатанын жеткізді ол.
"Инфекцияның таралу қаупі артып келеді. Бұл шектеулер эпидемиологиялық жағдайды бақылауда ұстауға мүмкіндік береді", - деді Есмағамбетова.

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
