Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтарға Bek Air әуе тасымалдаушысының билеттерін сатып алмауға кеңес берілді

ҚР-дың Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мемлекет тұрғындарын Bek Air әуе компаниясының ұшақ билеттерін уақытша сатып алмай тұруға шақырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жалған ақпаратқа сенбеңіздер: Bek Air әуе компаниясы мәлімдеме жасады

Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі мәлімдеді. 

"Bek Air әуе компаниясының эксплуатант сертификатының белгісіз мерзімге тоқтатылуына байланысты, азаматтарға аталған әуе компанияның рейстеріне билеттер сатып алмауға кеңес беріледі", - делінген баспасөз хабарламасында.

Естеріңізге салайық, жаңа жыл қарсаңында Алматы маңында «Бек Эйр» әуе компаниясына тиесілі «Фоккер 100» ұшағы құлап, 12 адам қаза тапты. Опат болғандардың арасында экипаж командирі де бар. Апатқа қатысты бірнеше болжам айтылғанымен, нақты себебі әлі анықталған жоқ. Тергеу, тексеру жұмыстарымен арнайы құрылған үкіметтік комиссия айналысып жатыр.

STAN.KZ
Сәрсенбі, 08 Қаңтар, 2020 12:01
Талқылау