Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда зейнетақы қорындағы қаражатты пайдалану ережелері өзгертілмек

Қазақстанда зейнетақы төлемдерін тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін пайдалану ережелері өзгертілмек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: freepik.com

Енді қазақстандықтарға БЖЗҚ-дан алынған ақшаны пайдалануына көбірек уақыт беріледі. Сондай-ақ ұсынылып отырған жаңашылдықтың бірі, егер келісімшарт жұбайының атына жасалса, зейнетақы қорынан алынған ақшаны ипотекалық несиені өтеуге жұмсауға мүмкіндік береді.

Жаңартылған ережелерде БЖЗҚ-дан бұрын алынған ақшаны қайтаруды реттеу ұсынылған. Тұрғын үй құрылыс жинақ шарты бойынша салымшы қайтыс болған жағдайда зейнетақы қорынан алынған ақша үш жұмыс күні ішінде шотқа қайтарылады.

Тағы бір маңызды өзгеріс – зейнетақы жинақтары арқылы тұрғын үй салу мерзімін ұзарту.

“Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы" заңына сәйкес салымшыға келісілген соманы төлеу тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы шарт күшіне енген күннен бастап үш жыл өткен соң жүзеге асады. Бірақ зейнетақы жарналарының нысаналы мақсатын растау ережелерінде көзделген мерзім тұрғын үй заемын алу үшін жеткіліксіз. Бұл салымшылар арасында жаппай наразылық қаупін тудырады. Алушылар жеткілікті соманы жинақтауы үшін қаражатты сақтау мерзімін сегіз жылға дейін ұлғайтуды ұсынамыз", – делінген ереже жобасында.

Заң жобасын әзірлеушілердің айтуынша, бұл кезең азаматтарға жер телімін сатып алуға да, үй салуға да мүмкіндік береді.

Еске салсақ, бұған дейін ұлттық қор өкілі бала бақилық болған жағдайда “Ұлттық қор –балаларға” жобасынан түскен қаржы кімге берілетіні туралы айтқан еді. 

Талқылау