Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтардың Ресейге кіруіне рұқсат берілді

Ресей үкіметі Қазақстан азаматтары мен Қазақстанда тұруға ықтиярхаты бар азаматтар үшін Ресейге кіруге қойылған шектеулерді алып тастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ресей министрлер кабинетінің баспасөз қызметі рейстер аптасына бір рет орындалатынын мәлімдеді.  Қазақстанмен (Нұр-Сұлтан), Қырғызстанмен (Бішкек) және Беларусьпен (Минск) әуе қатынасы 21 қыркүйектен бастап қайта басталады. Оңтүстік Кореямен (Сеул) - 27 қыркүйектен бастап.

"Тағы төрт елдің – Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Кореяның азаматтары үшін коронавирустың таралуына байланысты Ресейге кіруге қойылған шектеулер алынып тасталды. Бұйрықты үкімет мақұлдады", - делінген хабарламада.

Аталған мемлекеттердің азаматтары мен онда тұруға рұқсаты бар адамдарға Ресейге кіруге рұқсат етілгені атап өтілді. Өз кезегінде ресейліктер осы елдердің кез-келгеніне еркін ұшып бара алады.

Бұл ретте Қазақстанның ҰҚК тек әуе қатынасы қалпына келтірілгенін түсіндірді. 

Талқылау