Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар жаңа iPhone 14 смартфондарын сатып алу үшін қанша күн жұмыс істеуі керек

Picodi.com cайты iPhone 14 Pro (128 GB) жергілікті бағаларын әлемнің әртүрлі елдеріндегі жалақымен салыстырып, iPhone индексін, яғни смартфонды қанша жұмыс күнінде алуға болатынын есептеп көрді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қазақстанда iPhone 14 Pro базалық жиынтықта (128 GB) 699 990 теңге тұрады. АҚШ-та  смартфон құны 999 долларға тең десек, бұл сату салығы 0% болатын төрт штатқа қатысты "таза" баға екенін есте ұстаған жөн.

Соңғы ресми деректерге сәйкес, Қазақстанда орташа статистикалық жалақы 312 011 теңгені (қолға 251 401 теңге) құрайды. Осылайша, орташа статистика бойынша қазақстандықтар iPhone 14 Pro-ға ақша жинау үшін 58,5 күн жұмыс істеуі керек.  Әрине, ол егер барлық тапқан ақшасын смартфон сатып алуға жинаса ғана. Биыл өткен жылмен салыстырғанда статистика 4,3 күнге азайған. 

Соңғы 5 жылда Қазақстанда iPhone индексі осылай болды: 

2018-86 күн;
2019-76,5 күн;
2020-74,6 күн;
2021-62,8 күн;
2022-58,5 күн.

Статистика бойынша швейцариялықтар жаңа iPhone-ға ақшаны тез жинайды екен. Орташа есеппен олар 4,6 күн жұмыс істеп, смартфон ала алады. Ал америкалықтар орташа есеппен 5,7 күн жұмыс істеп алса, австралиялықтар 6,1 күнде қол жеткізе алады.

Рейтингіге енген елдердің ішінде Тәжікстанда ең  төменгі орында тұр. Ол жерде iPhone-ды179,5 жұмыс күн жұмыс жасап алуға болады. Екінші орынға 146,7 күнмен Түркия жайғасса, үшінші орын 136,3 күнмен Қырғызстанға тиесілі болды. 

Талқылау