Басты жаңалықтар
Қазақстандықтардың көбі тойып тамақ ішпейді – Статистика
Қазақстандықтардың көбі жалақының аздығынан тойып тамақ ішпейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Ұлттық статистика бюросы өмір сүру сапасына байланысты тұрғындар арасында сауалнама жүргізген. Мамандар респонденттерден олардың табысы мен шығыны, қазіргі қаржылық жағдайы туралы сұраған.
Сауалнама нәтижесінде халықтың 6,6%-ның ең болмағанда 2 күнде 1 рет ет жеуге мүмкіндігі жоқ екен. Сәйкесінше балық, ет, тауық еті немесе жаңғақ, бұршақ пен ақуызға толы пайдалы тағамдарды тұтынбайды.
Сондай-ақ, тұрғындардың 95,7%-ы пайдалы ас ішпейтінін айтқан. Ал азаматтарымыздың 22,5%-ы күтпеген немесе жоспардан тыс шығындарды өтей алмайды. Сондықтан қаржылық көмек ретінде несие алуға мәжбүр. Ал тұрғындардың 27,6%-ы ең болмағанда бір аптаға да жыл сайынғы еңбек демалысына шыға алмайды екен.
Талқылау

“Партизан болған, 400-ден астам жаралы сарбазды құтқарған”: Екінші дүниежүзілік соғыста ерлік көрсеткен қазақ қыздары кімдер
Әлия мен Мәншүк "Кеңес Одағының батыры", Хиуаз Доспанова "Халық қаһарманы атанды. Бірақ есімі еленбеген, ерлік танытқан қыздарымыз көп

"Жеті жыл күттім": Алматылық жас жігіт 53 жастағы әйелдің жүрегін алғаннан кейін өмірі қалай өзгергенін айтты
Рецепиент Данияр 10 жасына келгенде ауруы асқынып, оттегі баллонын қолдануға мәжбүр болған