Қазақстанда «5-10-20» бағдарламасы бойынша өтініш қабылдау басталды
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі Шаңырақ «5-10-20» бағдарламасы бойынша өтініш қабылдауды бастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат ақпарат агенттігі.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, баспаналы болуды армандаған қазақстандық азаматтарға жеңілдетілген шарттармен несие берілетін болады.
"Биыл жобаны жүзеге асыру үшін бюджеттен 210 млрд теңге көлемінде қаражат бөлу жоспарланған. Оның 90 млрд теңге көлеміндегі алғашқы бөлігі Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне түсті. Осы бюджетке сәйкес, біз еліміздің шамамен 7-8 мыңдай отбасын баспанамен қамтамасыз етуді жоспарлар отырмыз. Жылдық мөлшерлемесі 5 пайызға тең", - Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова.
10 пайызынан кем түспейтін соманы бастапқы жарна ретінде төлеп, 20 жылға дейін несие ала аласыз.
Өтініштерді қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін, банктің «Шаңырақ» жобасын одан әрі несиелендіруге қажетті қаражаты болған жағдайда, бағдарламаның екінші кезеңіне әкімшілік кезегіне кейінгі жылдары тұрған азаматтар да шақырылуы мүмкін. 2020 жылы отбасының әр мүшесіне келетін табыс көлемі 101 271 теңгеден аспауы тиіс. Аталмыш бағдарлама бойынша тұрғын үйді тек жаңа соғылған үйлерден ғана алуға болады.
"Әкімдік кезегінде тұрған азаматтар бағдарламаға қатысу туралы және төлем қабілеттілігін бағалау жөніндегі өтініштерін 2020 жылдың 17 тамызынан бастап 16 қыркүйегіне дейінгі аралықта электронды түрде бере алады. Бұл Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің клиенттеріне де, әзірше банктен салым ашып, клиенттер қатарына қосылып үлгермеген тұрғындарға да қатысты.
Өтініш беру мерзімі 2020 жылдың 17 тамызы мен 16 қыркүйегі аралығында", - деп түсіндірді мамандар.
Несие алудың бірнеше қадамы бар. Банк сайтындағы қолжетімді тұрғын үй пилоттық жобасы бөлімі арқылы электрондық өтініш бересіз. Банк сайтында өтініш берген күннен бастап 3 күн аралығында банк қызметкерінің қоңырауын күтіп, оған жауап беретін болады. Төлем қабілеттілігіңізді бағалау үшін құжаттарыңызды алып, банк бөлімшесіне белгіленген уақытта келу керек. Займды мақұлдау жөнінде банктің оң шешімін алып, банк талаптарына сай, жеке құрылысшылардан жаңа тұрғын үй табу, сату-сатып алу немесе үлестік қатысу келісімдерін жасау қажет.
Заемды алу үшін өтініш берушінің жинақ шотында несие көлемінің 10% кем түспейтін тұрғын үй құрылыс жинағы болу керек. Әкімшілік кезегіне қай уақыттан бастап есепке тұрғаныңызды egov.kz сайты арқылы немесе жергілікті атқарушы билік органдарынан білуге болады.

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
