Қазақстандықтар еміне 1 миллиард теңге жинап берген қыздың жағдайы күрт нашарлап кетті
Ақпанда қазақстандықтар "Золгенсма" препараты үшін миллиард теңге жинап берген Айсезім Еркіннің әкесі қызының жағдайы күрт нашарлап кеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Мәскеуге келген соң Айсезімнің жағдайын білу үшін көптеген сараптама өткіздік. Жүрегі мен асқазанын тексердік. Айсезімнің жүрегі ауырады. Сонымен қатар асқазанын да емдеу қажет. Қазір емдеп жатыр, бірақ уақыт керек.
Бірақ ең бастысы – басын сараптамадан өткізу. Сараптама нәтижесінде Айсезімнің жүрегі тоқтағанда бастағы жүйке талшығының зақымдалғаны анықталды. Бұл зақымның салдарынан басқа баратын сигнал жетпейді. Сондықтан Айсезім есін жинамады, әлі күле алмайды. Анасы Салтанатқа толық қарай алмайды. Кейде тырыспасы ұстап қалады. Біз өз тарапымыздан қолдан келгенді жасадық деп ойлаймын", - деп бөлісті әкесі Сағыныш Жақсылық.
Ақпан айында арқа бұлшық ет атрофиясына шалдыққан Айсезімге қазақстандықардың 1 миллиард теңге жинап бергені анықталған еді. Қаржы аса қымбат "Золгенсма" препаратына жұмсалған.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
