"Ұмытып қалдым": Қазақстандықтар тәуелсіздікке қанша жыл толғанын білмей қиналды

Әрбір қазақ білуі керек, ұмытуға болмайтын атаулы күндер бар. Сол күндердің бірі әрі бірегейі - Тәуелсіздік күні. Ұйықтап жатқанда шертіп жіберіп сұраса, жаңылмай айту керек атаулы күнді білмейтіндер мен қанша жыл толғанын есептей алмай  қиналатын қазақстандықтар да бар екен. Stan.kz тілшісі халық арасында сауалнама жүргізді. 

16 желтоқсан – ата бабамыздың арманы орындалып, жасампаздығымызды жаңа белеске көтерген Тәуелсіздік күні. 1991 жылғы 16 желтоқсанда президент Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған Конституциялық Заңнан бастау алған тәуелсіздігімізге 29 жыл. 

Әйтсе де, бұл күнді қатардағы мерекелік күндермен шатастыруға келмес. Өйткені бұл күн тәуелсіздік үшін күрестің аяқталғанын ғана емес, сол күннің басталғанын білдіреді. 


Stan.kz тілшісі халық арасында сауалнама жүргізіп биыл тәуелсіздікке қанша жыл болғанын және қай күні тойланатыны естерінде ме екен, тексеріп қайтты. 

Сауалнама нәтижесінде Тәуелсіздікке қанша жыл толғанын білмей қиналып қалатындардың басым екенін аңғардық. Кейбірі тіпті қай күні тойланатынын білмей дал болды. Өз алдымызға отан болған күнді жадымыздан шығармайық!

Сауалнаманың толық нұсқасын Youtube каналымыздан көре аласыздар. 

 

 

Дайындаған: Жанна МӘЛІК, Сәкен ҚҰЛМАН

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр