Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық вакцинадан көз жұмғандар бар ма? Ғалымдар жауап берді

Қазақстандық QazCovid-in вакцинасын COVID-19-ға қарсы тестілеу кезінде еріктілер арасында өлім тіркелді ме? Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты ғалымдары жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

вакцина

"2021 жылдың 9 ақпанында барлық вакцинацияланған еріктілер өздерін жақсы сезінеді", - деп хабарлады Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институты.

Қазақстандық вакцинаның клиникалық сынақтарының екі кезеңі аяқталды. Қазір үшінші кезең жүріп жатыр. Түрлі жастағы үш мың волонтер, оның ішінде осал топтар сынақтарға қатысады.

Айта кетейуік, қазақстандық Qazsovid-in вакцинасын сынақтан өткізу кезінде еріктілер қайтыс болған жағдайда 500 мың теңге мөлшерінде сақтандыру төлемі көзделген еді.

 

Талқылау