Қазақстандық теннисшілердің Мадридте өтетін турнирдегі қарсыластары анықталды
Испания астанасы Мадридте 24 сәуірде өтетін "Мастерс" жарысына қатысатын қазақстандық теннисшілер қарсыластарының есімін білді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина алғашқы айналымға қатыспай, бірден екінші айналымға өтеді. Отандасымыз Анна Калинская (Ресей) мен Бренода Фрухвиртова (Чехия) жұбында жеңіске жеткен теннисшімен ойнайды.
Ал Юлия Путинцева жарыстың алғашқы айналымында америкалық Клэр Люмен ойын өткізеді. Александр Бублик Колумбия спортшысы Даниэль Галанға қарсы ойнайды.
24 сәуірде "Мастерсте" бірінші болып отандасымыз Тимофей Скатов италиялық Марко Чеккинтаномен ойнайды.
Жарыстың жүлде қоры 15,4 миллион еуро, чемпионға 1,1 миллион еуро беріледі.
Талқылау