Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық рак ауруына шалдыққан адамдарға арналған дәрі-дәрмектер Ресейде сатылымда жүр

Қазақстандық обыр дертіне шалдыққан науқастарға арналған дәрілер заңсыз жолмен Ресейге шығарылып отырған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Қазақстан қатерлі ісікке шалдыққан науқастарға арналып сатып алынған дәрі-дәрмектер Ресейде сатылымда жүр. Бір қорабы миллион теңгеден астам ақша тұратын препараттар шетелге заңсыз шығарылыпты. 

«Бұл туралы ақпарат бізге өздерінің қызығушылығының қорғау үшін құрған ассоциациясының өкілдерінен келіп түсті. Ресейде біздің мөртабан басылған дәрілер сатылымда жүр екен. Қазір біз құқық қорғау органының қызметкерімен бірге тексеріс жүргіземіз. Егер заң бұзушылық анықталса дереу бас прокуратураға шағымданатын боламыз», - деді тауар сапасы мен оның қауіпсіздігін қадағалау комитетінің төрайымы Людмила Бюрабекова. 

Аталған препараттар тері рагына шалдыққан адамдарға арналған екен. Қазір денсаулық сақтау министрілігі дәрілер қандай жағдайда және қалай Ресейге өтіп кеткендігі анықтайтын болады.  

Талқылау