Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық екі фильм "Киношок" фестивалінің басты жүлделерін жеңіп алды

1992 жылдан бері Анапада өткізіліп келе жатқан беделді "Киношок" фестивалі қорытынды нәтижені жариялады. Фестивальге ұсынылған екі қазақстандық фильм - "Жаным, ты не поверишь" және "Черный черный человек" драмасы - бірден 5 марапат алды,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Екі фильмде де басты рөлді актер Данияр Алшинов сомдады. Марапаттау рәсімі кезінде ол жүлделерді алу үшін сахнаға бес рет көтерілді.

Қазылар алқасы қазақстандық фильмдерді келесі номинацияларда марапаттады:

- "Алтын жүзім" фестивалінің бас жүлдесі - "Жаным, ты не поверишь";
- "Үздік сценарий" - "Жаным, ты не поверишь" фильмінің алты сценаристі";
- "Үздік ер адам рөлі" - Данияр Алшинов "Черный черный человек" фильміндегі ойыны үшін",
- "Үздік режиссура" - Әділхан Ержанов "Черный черный человек" фильмі үшін,
- Баспасөз жүлдесі - "Жаным, ты не поверишь" фильмі.

"Жаным, ты не поверишь" фильмі комедия жанрында түсірілген. Сюжет бойынша жас ерлі-зайыптылар алғашқы балаларын күтіп жүреді, ал басты кейіпкер Дастан әйелінің тұрақты түтрпегіне шыдай алмай, достарына бір күнге қашып кетуге бел буады. Ер адамдар балық аулауға баруды шешеді және таңғажайып оқиғалардың ортасына түседі.

Ал "Черный черный человек" драмалық триллері қылмыстық істі тез арада жапқысы келетін тергеуші Бекзаттың (Данияр Алшинов) оқиғасын баяндайды, өйткені кінәлі - ақымақ Пукуарды (Теоман Хос) жергілікті полиция қызметкерлері онсыз да іздеп жүрген болады. Қаладан келген журналист Ариана (Динара Бақтыбаева) араласқан кезде жоспар бұзылады. Енді тергеуші өз тәжірибесінде алғаш рет барлық ережелер бойынша нақты тергеу жүргізуге мәжбүр болады.

Айта кетейік, "Киношока" толық метражды киносы байқауына жеті елден 9 фильм қатысты.

Талқылау