Қазақстандық блогердің қызы жедел жәрдем көлігінің кешігуінен тұншығып өле жаздады
Фото: Видеодан скрин
Белгілі қазақстандық блогер Дарья Александрова жаңа туған қызының аллергия салдарынан тұншығып қала жаздағанын айтты. Осыдан кейін ол жедел жәрдем шақырған. Алайда Алматы облысының жедел жәрдем қызметі 27 минутта әрең жеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Дарья екі айлық қызының іш кебуін жеңілдету үшін оған "Эспумизан" препаратын берген. Алайда көп ұзамай сәбиінің ағзасы оған аллергиялық реакциямен берген.
“Аузының айналасы қызарып кетті. Қатты дем ала бастады”, – деп жазды блогер Instagram парақшасында.
Шошынған Дарья бірден жедел жәрдем шақырып, дәрігерлер келгенше үйдегі дәрілер арасынан "Фенистилді" тауып, оны берген. Бұл дәрі аллергиялық белгілерді тез басқан. Ол дәрігерлерге еш өкпесі жоғын айтып, олардың әдейі кешікпегенін жеткізді. Дегенмен блогер жедел жәрдемнің кешігуіне алаңдаушылық білдіргенін жеткізді.
“Барлық жедел жәрдем қайда? Көліктер қайда?” – деп жазды ол өз жазбасында.
Блогер қызын қызарып, демалуға қиналып жатқан күйінде көру қиын болғанын жеткізді.
Айта кетейік, бұған дейін Енді жедел жәрдем көлігін онлайн картадан бақылауға болатыны туралы жазған едік.

Қазақстандық баласына беделді мектепке оқуға түс деп қысым жасаған: Соңында бала өзіне қол жұмсамақ болған
