"40 минуттан бері тұрмыз": Алматыда мындаған адам мен жедел жәрдем көліктері кептелісте қалып қойды
Видеодан скрин
Алматыда мыңдаған адам мен 2 жедел жәрдем көлігі кептелісте қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Кептелістің видеосы әлеуметтік желіде тарады. Видеолардан кептелістің Әл-Фараби даңғылында болғанын, бірнеше шақырымға созылған көлік кезегі мен екі жедел жәрдем көлігін байқауға болады.
2ГИС қосымшасының мәліметінше, кептеліс Садықов пен Саин көшелері, сондай-ақ әл-Фараби мен Дулати даңғылдарының бойында байқалуда.
Куәгер жүргізушілердің айтуынша, бұл жағдайға полицейлердің кейбір көшелерді жабуы себеп болған.
"40 минуттан бері тұрмын", "Дулатиды жауып тастады", "Жол полициясы қозғалысты тоқтатты" – делінген жүргізушілердің пікірінде.
Сондай-ақ қосымша мәліметіне сәйкес, тұңғыш президент саябағы маңында бес жол-көлік оқиғасы тіркелген. Ал Розыбакиев көшесінің бойында жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан көрінеді.
"Саин көшесінің бойы толығымен кептеліп тұр – Садықов көшесінен бастап Төле би көшесіне дейін. Ал Садықов көшесінде полицейлер тұр, көліктерді өткізбей жатыр", – делінген куәгердің жазбасында.
Кептеліске қатысты Алматы әкімдігі мен Алматы қалалық полиция департаменті әзірге ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ.
"Үш сағат істейтінді бізде он минутта бітіреді": Германиядағы қазақ дәрігері сүндеттеу ісінде Қазақстан қалай алға кеткенін айтып берді