Қазақстандағы алғашқы АЭС құрылысы қашан басталатыны айтылды
Фото: depositphotos.com
Атом энергиясы жөніндегі агенттік Қазақстанда Атом электр станциясын (АЭС) салу жобасы аясында басталатын жұмыстарға арналған салтанатты рәсімге журналистерді шақырып, баспасөз анонсын жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Іс-шара 8 тамыз күні Алматы облысындағы Үлкен ауылында өтеді.
Айта кетейік, баспасөз-анонсы ресми мәлімдеме болып саналмайды. Дегенмен, 8 тамыз күні Қазақстандағы алғашқыАЭС құрылысын ресми түрде бастау жоспарланып отыр деуге негіз бар.
Қазақстандағы бірінші АЭС-тің нақты құны қашан белгілі болады – Роман Скляр жауап берді
Қытай Қазақстанда екі АЭС салады
Атом энергиясы агенттігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, салтанатты рәсім барысында топырақ үлгілерін алу үшін бұрғылау жұмыстары басталып, кейін зерттеу жүргізу үшін капсула ресейлік тарапқа салтанатты түрде табысталмақ.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстандағы алғашқы АЭС-ті ресейлік “Росатом” компаниясы салатыны туралы жазған едік. Сондай-ақ атом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасы Алмасадам Сәтқалиев Қазақстанның бірінші АЭС-тің жалғыз иесі болатынын мәлімдеді.

"Денесін күйдіріп, саусағын сындырып, тиын жұтуға мәжбүрлеген": Балқашта ер адам 8 жасар баланы соққыға жықты деп айыпталды
