Қазақстанда жаңа "төтенше" нөмір пайда болмақ
Фото: istockphoto.com
Қазақстанда тағы бір "төтенше" нөмір пайда болады. Қаржы министрлігі тегін қосылатын қызметтер тізіміне өзгерістер енгізбек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қаржы министрлігі жариялаған заң жобасында қосылу байланыс қызметтерін пайдаланушылар үшін тегін төтенше медициналық, құқық қорғау, өрт сөндіру, апаттық және басқа да қызметтердің тізімі бекітілген. Осы тізімге жаңа тегін нөмірлер қосылады: 1484; 8 800 080 30 84. Осы нөмірлер арқылы азаматтар цифрлық қызметтер бойынша кеңес ала алады.
"Жобаны қабылдау азаматтар мен ұйымдарға цифрлық қызметтер мәселелері бойынша қаржы министрлігінің консультациялық қолдауына тегін және теңдей қолжетімділікті қамтамасыз етеді", – делінген құжатта.
Қазақстандық ару WhatsApp-та нөмір тіркеймін деп қылмыстық істің фигурантына айналды
Осылайша, қазақстандықтар 1484 колл-орталығына жедел жәрдем немесе полиция секілді, тегін қоңырау шалып, қажетті көмек ала алады.
Құжат 16 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылауға ашық.
Еске салсақ, өткен жылы осы тізімге 111 нөмірі қосылған еді. "111 Аманат" байланыс орталығы әйелдер мен балалардың құқығын қорғайды.

Желіде тілі шықпаған баланы қой ішегімен қылқындырғандардың видеосы тарады: Логопед-дефектолог ырымның үлкен қаупін айтты
