Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда заңсыз такси жүргізушілеріне жаппай айыппұл салынатын болады

Бұдан былай адам тасимын деп әкімдікке тіркелмеген такси жүргізушілерін үкімет қатаң бақылауға алып, жаппай айыппұл салады. Ал бір жыл ішінде жолаушыларды заңсыз тасымалдағандар 10 миллион теңгеден астам айыппұл төлепті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап. 

такси

Алайда көлік тізгіндегендер елдегі эпидемиологиялық ахуал күрделеніп, жұрт онсыз да жұмыссыз қалып жатқанда үкіметтің бұл әрекеті жығылғанға жұдырық болып отыр дейді. Осы мәселеге жауапты көлік комитеті мамандарының айтуынша, әр азамат тапқан табысының бір бөлігін мемлекетке салық ретінде қайтаруға міндетті екен.

"Айыппұл салып жатқандары дұрыс емес негізі. Енді қазір пандемия кезінде таксимен нәпақасын тауып жүргендер көп қой", - дейді жүргізушілер.

2013 жылдан бері такси қызметімен заңсыз айналысқандарды ішкі істер министрлігі бақылауға алған болатын. Өткен жылы бұл міндет индустрия және инфроқұрылымдық дамыту министрлігінің құзіретіне ауысып, биыл заңсыз адам тасу фактісін анықтау жұмысы одан сайын күшейтілді. Ал үкіметтің дәл биыл бұл жұмысқа белсене кірісуі пандемияның кесірінен толмай қалған бюджет шығындарын қалыпқа келтіру жолдары іспетті. 

"Кім де болсын қандай кәсіппен айналысқысы келетін болса, заңды түрде айналысуы керек. Сіз такси тотатасыз, бәлкім ол такси емес, қылмыскер шығар", - дейді көлік комитетінің баспасөз хатшысы Дархан Кәрібаев. 

Бұл заңға ауыл мен аудан арасында қатынап жүрген такси жүргізушілері де бағынуы керек. Талап бойынша олар жолға шықпас бұрын медициналық қызметкерге көрініп, көлігін техникалыық тексеруден өткізуі тиіс. Ал ауылдағы жүргізушілердің жағдайы комитеттіктерді аса алаңдатпайтын сияқты. 

"Бұл қызметпен айналысу үшін жергілікті атқарушы органдарға өтінім беру керек. Ал ауыл тұрғыны адам тасымалдаумен айналысамын деп шешті ме, онда барлық талапты орындауы керек", - дейді көлік комитетінің басқарма басшысы Жасұлан Маралбаев. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр