Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда Вed tax туристік салығының күші жойылды

Қазақстанда Bed tax туристік салығы күшін жойды. Бұл жөнінде Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Вице-министрінің айтуынша, бұйрыққа өзгертулер шұғыл түрде енгізіледі.

"Біз Bed tax салығын жою шешімін қабылдадық. Ол отандық бизнес үшін де, келуші шетелдік туристер үшін де белгілі бір қолайсыздықтар туғызады", - деді Ержан Еркінбаев.

Вице-министр атап өткендей, ел бойынша осы туристік алым енгізілген сәттен бастап 500 млн теңге жиналған. Бірақ соған қарамастан билік оның жұмысын тоқтату туралы шешім қабылдады.

"Bed tax-тың идеясы дұрыс болған. Оның кемшілігі – ақша жергілікті бюджетте қалды. Олар орталық бір қорға түссе, онда оның пайдасы біздің еліміздің туризм әлеуетін жарнамалауға жұмсауға болатын еді", - деп түсіндірді Ержан Еркінбаев.

Сондай-ақ министрлік сыныбымен лагерге баратын балалар үшін ұшақ билетін тегін етуді ұсынып отырғанын айтты.
 

Талқылау