Қазақстанда үйлердің арзандауы болжанды
Отбасы банкінің басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова елімізде үй бағасының төмендеуін болжады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Тұрғын үй бағасының өсуіне келсек. Әрине үйдің бағасы нарыққа байланысты. Зейнетақы қорын баспана алуға жұмсауға рұқсат берілген соң, үй салушылар мен сатушылар көбірек пайда тапқысы келеді. Менің кеңесім, шамалы күте тұрған дұрыс. Тұрғын үй бағасы нарығының қалыпқа келуі үшін, сұраныс пен ұсыныс тең болуы тиіс. Менің болжамымша, алдағы мамыр, маусым айларында баспана бағасы өткен жылдың сәйкес кезеңіндей болуы ықтимал", - деді Отбасы банкінің басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.
- Қазақстандық сарапшылар елімізде үйлер қашан арзандайтынын айтты
- "Коронадағдарыс созылып кетсе, үйлердің бағасы құлдырайды": Осы уақытта баспана сатып алған дұрыс па?
Еске салайық, бұған дейін не себепті қазақстандықтардың зейнетақы жинақтамасының бір бөлігін алу туралы өтініштері қабылданбағаны айтылған еді.
Айта кетейік, баспана бағасын бір қалыпты ұстауды мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырған болатын.