Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Үш бөлмелі пәтер 400 мың теңге": Қазақстан қалаларында тұрғын үйді жалдау ақысы бірнеше есе қымбаттады

Ұлттық статистика бюросы тұрғын үйді жалдау ақысы ресми деректерге қарағанда бірнеше есе қымбаттағанын мәлімдеді. Жалдамалы пәтерлердің бағасына қатысты қазақстандық сайттар неше түрлі ақы көрсеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Fusionstudio\shutterstock.com

Былтыр 1 шілдедегі ақпараттарда Қазақстан халқының жартысына жуығы (19,1 миллион адам) жалға алынған тұрғын үйде тұратыны жазылған. Бағалар Алматы, Астана, Шымкент, Ақтау, Атырау және Петропавл қалаларында айтарлықтай өскен.

Алматы:

  • 1 бөлмелі пәтер (30-40 шаршы метр) – 100 мыңнан 120 мың теңгеге дейін.
  • 2 бөлмелі пәтер (40-60 шаршы метр) – 200 мыңнан 220 мың теңгеге дейін.
  • 3 бөлмелі пәтер (60-70 шаршы метр) – 280 мыңнан 300–350 мың теңгеге дейін. Кейбір жағдайларда 500 мың теңгеге жетеді.

Астана:

  • 1 бөлмелі пәтер (29-39 шаршы метр) – 90 мыңнан 120 мың теңгеге дейін.

Ақтау:

  • 1 бөлмелі пәтер – 80 мың теңге (20 мыңға өскен).

Шымкент пен Атырау:

  • 1 бөлмелі пәтер – 60-80 мың теңге.

Ресми статистика мен нарықтық деректер арасындағы айырмашылық

Krisha.kz порталының қазан айындағы деректерінше:

  • Алматы: жалға алу құны 220 мыңнан 525 мың теңгеге дейін.
  • Астана: 1 бөлмелі – 190 мың теңге, 2 бөлмелі – 260 мың теңге, 3 бөлмелі – 400 мың теңге.
  • Шымкент: 150-200 мың теңге.

Nelina.kz&Partners агенттігінің маманы Александр Бикетовтың пікірінше, Қазақстандағы жылжымайтын мүлік нарығында "сұраныс бағасы, ұсыныс бағасы және шынайы баға" деп аталатын үш түрлі баға бар.

Фото: ОLX маркетплейсі

Бағаның өсу себептері

OLX аналитиктерінің айтуынша, жалға алу бағасының өсуіне мына факторлар әсер еткен:

  • Коммуналдық тарифтердің өсуі.
  • Маусымдық ауытқулар.
  • Урбанизация мен миграция.
  • Доллар бағамының өзгеруі.

Ал ұлттық статистика бюросы былтыр жалға алу бағасы тек 5,2%-ға ғана өскенін атап өтті. Алайда нарықтағы нақты жағдай бұл көрсеткіштен әлдеқайда жоғары екенін көрсетеді.



Еске салайық, бұған дейін белгілі экономист Эльдар Шамсутдинов қазақстандықтарға алдағы айларда жаңа үйлерден пәтер сатып алмауға кеңес берді. Экономисттің пікірінше, негізгі құрылыс материалдары (бетон және қиыршық тас) Қазақстанда өндірілетіндіктен, доллар бағамының көтерілуі баспана құнына әсер етпейді. Әрлеу және импорттық тауарлардың бағасы көтерілуі мүмкін, бұл тұрғын үй құнына айтарлықтай әсер етпесе де, пәтер жөндеуді қымбаттатады. Мұндай жағдайларда екінші нарық сатып алушылар үшін тиімдірек болады.

Талқылау