Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда тағы бір қаржы пирамидасының жолы кесілді

Алматыда B2B Jewelry қаржылық (инвестициялық) пирамидасының қызметін ұйымдастырушыларға қатысты сотқа дейінгі іс жүргізу жалғасып жатыр. Бұл туралы Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметінде мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, ұйымдастырушылар сатып алу сомасының 104 пайызы мөлшерінде ақшаны кешбэк түрінде қайтару кепілдігімен зергерлік бұйымдарды халыққа сатқан.

Сондай-ақ  клиенттерге сатып алынған сертификаттың құны мен қаржылық пирамидаға қатысатын адамдар санына байланысты жылына 520 пайызға дейін кірістілікке кепілдік беретін алтын мен күміске арналған сыйлық сертификаттары сатылды.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде экономикалық тергеу департамент қызметкерлері қаржы пирамидасының салымшылары салған 560 миллион теңгеден астам, 303 мың доллар және 3500 евро көлеміндегі ақшалай қаражатты тәркіледі.

Салымшылардың жалпы саны Қазақстанның барлық өңірлерінен 10 мыңнан астам адамды құрайды.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде 217-бап, 3-бөлім, 2-тармақ (аса ірі мөлшерде ақшаны немесе өзге де мүлікті тарта отырып, алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобының қаржылық (инвестициялық) пирамидасын құру және оған басшылық ету) бойынша тергеу-жедел іс-шаралары жүріп жатыр.

Күдіктіге қатысты "күзетпен ұстау" бұлтартпау шарасы таңдалды.

"Осыған байланысты Алматы бойынша экономикалық тергеу департаменті осы жобаның қылмыстық әрекеттерінен зардап шеккен азаматтардан Алматы қаласы бойынша ЭТД-не (Алматы, Жібек Жолы даңғылы, 127 үй) жүгінуді немесе 87786376213, 87028886449, 87017446040, 87074064945 нөмірлері бойынша хабарласуды сұрайды. Басқа қалалардың тұрғындары ҚР ҚМ қаржы мониторингі комитетінің аумақтық экономикалық тергеу департаменттеріне жүгіне алады", - делінген хабарламада.

STAN.KZ
Бейсенбі, 15 Қазан, 2020 10:49
Талқылау