Қазақстанда шарап бағасы бір жылда 15%-ға өсті
2022 жылдың қаңтар-қазан айларында табиғи жүзім шарабы мен сусла өндіру 24,3 млн литрға жетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Energyprom.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл өткен жылмен салыстырғанда 14,9%-ға артық.
ҚР шарап өндірушілері 2022 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында шарапқа сұранысты 66%-ға қамтамасыз етті. Өндіріс 2021 жылдың қаңтар-қыркүйегімен салыстырғанда шамамен 1,5 есе өсті. Импорт 5,5%-ға төмендеп, 9,6 миллион литр болды.
Шарап экспорты бірден 54,9 есе өсті, бірақ ол 219,6 мың литр. Ішкі нарықта сату 23,1%-ға артып, 28 млн литрға теңесті.
Жыл басынан бері шарап бірден 14,7%-ға қымбаттады, бұл 2015 жылдан бергі ең жоғары баға.
Өңірлік бөліністе шарап бағасының ең жоғары өсуі Абай және Қызылорда облыстарында тіркелді, ол 23,8%-ға тең. Одан кейін Қарағанды (22,2% - ға), Ақтөбе (19,7% - ға) және Түркістан (19,3% - ға) облыстарында байқалды. Ең аз өсім Солтүстік Қазақстан (7,4%-ға), Атырау (8,7% - ға) және Ақмола (8,9% - ға) облыстарына тиесілі.

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
