Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда сауда ойын-сауық орталықтарына жаңа талап қойылады

Ірі сауда орталықтарын келушілерге сапалы Wi-Fi ұсынуды міндеттеуі мүмкін. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек осылай деп мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

вайфай

Фото: Pixabay

Сенат кулуарында журалистер вице-министрге “Сізде интернетке қатысты мәселелер болды ма?” деген сұрақ қойды. 

"Сіз сияқты менде де байланыс мәселелері туындайды. Әсіресе, тамақтану орындарында немесе ірі сауда орталықтарында Wi-Fi желілері сапасыз екенін байқадым. Менің ойымша, біздің келесі қадамымыз осы бағытта болады. Енді заң жобасы аясында ірі сауда орталықтарына келушілерді Wi-Fi желілерімен қамтамасыз етуге міндеттейміз. Олардың орнатылғанын, талшықты-оптикалық байланыс жүргізілгенін, Wi-Fi желісі қойылғанын және оның сапасын бақылаймыз. Менің ойымша, сауда ойын-сауық орталығында, дәмханада отырғанда сапалы интернеттің болуы бәріне де ыңғайлы”, – деп түсіндірді вице-министр.

Айта кетейік, күні кеше мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Бағдат Батырбекұлы Мусин Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі лауазымынан босатылды

Талқылау