Қазақстанда өнеркәсіпті қолдау қоры құрылады
Қазақстанда машина жасаушылардың форумы өткізіліп жатыр. Форум аясында премьер-министрідің орынбасары Роман Скляр еліміздегі өнеркәсіпті дамыту мәселелеріне тоқталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі" атты Жолдауында 5 жылдың ішінде өңдеу өнеркәсіндегі өндіріс көлемін кемінде 1,5 есеге арттыру туралы нақты тапсырма жүктеді. Отандық машина жасау өңдеу өнеркәсібінің локомативі болды және ел басшылығының басты назарында қала береді. Бүгінде отандық машина жасау кәсіпорындары Қазақстанның даму банкі, "Қарапайым заттар экономикасы", "Бизнестің жол картасы - 2025" бағдарламалары тетіктерін қоса алғандағы жеңілдікпен қаржыландырудан бастап, жеңілдікті лизинг пен экспортты ілгерлететін тетіктерін пайдалану арқылы сатуға дейінгі мемлекеттік қолдаудың кешенді шараларын қолдана алады", - деді ол.
Роман Склярдың сөзінше, үкімет пен ұлттық кәсіпкерлер палатасының бірлескен алаңында қарапайым заттар экономикасы бағдарламасын жүзеге асырудың негізгі мәселелерін жедел шешетін жобалық кеңсе жұмыс істейді. Оның аясында кәсіпкерлік субъектілерін барынша қамту үшін қызметтер кодының тізбесі кеңейтілетін болады.
"Аталған тетіктерге қосымша Өнеркәсіпті дамыту қоры деп аталатын жаңа тиімді тетік пайда болады. Қазақстанның машина жасауды дамытуға жәрдемдесу мақсатында 2019-2024 жылдарға арналған саланы дамыту жөніндегі жол картасы жүзеге асырылуда. 2020 жылдың 8 айының қорытындысында машина жасау саласы 16 пайыз өсім көрсетті. Осы нәтиженің барлығы мемлекет пен бизнестің қажырлы еңбегі", - деді Роман Скляр.

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
