Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мобильді қосымша арқылы төлем жасауға тыйым салынды

Қаржы министрі қол қойған мобильді аударымдарды пайдалана отырып төлем жасауға тыйым салу туралы қаулыға қарамастан, дүкендер, жеке дәріханалар мен сауда орталықтары төлемнің бұл түрін пайдалануды жалғастыруда. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

24.kz арнасының хабарлауынша, кейбір сауда орындары тұтынушыларға POS-терминал беруден бас тартатын көрінеді. Кәсіпкерлер құрылғының жұмыс істемейтінін айтып мобильді нөмірге ақша жіберуді сұрайды.

Салық кодексіне сәйкес, Қазақстандағы барлық қолма-қол ақшамен есеп айырысу бақылау-кассалық машиналар арқылы жүзеге асырылуы тиіс, оның ішінде қолма-қол ақшамен немесе банк картасымен төлеу де бар екені атап өтілді. Мобильді төлемдерге банк қосымшасындағы QR коды арқылы төлем жасауға ғана рұқсат етіледі.

Өз кезегінде Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Мемлекеттік қызмет көрсету департаментінің бас сарапшысы Данат Қазембаев бақылау-кассалық машинаны пайдаланбағаны үшін айыппұл қарастырылғанын айтты. Ол Қазақстанда "Азаматтық бақылау" науқаны жүріп жатқанын, оның аясында кез келген адам POS-терминал арқылы төлем қабылданбағанын суретке түсіріп, құзырлы органдарға жүгіне алаттынын алға тартты.

Талқылау