Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мерзімді әскери қызметшілерге несие беруге тыйым салынбақ

Қазақстанда әскерге шақырылғандарға несие беруге тыйым салынбақ. Мәжіліс депутаты Ерлан Стамбековтің айтуынша, әскердегі жасы үлкен сарбаздар өздерінен кішілерді несие алуға мәжбүрлейтін жағдайлар көптеп кездеседі. Сол себепті депутаттар бұл мәселеге шектеу қоймақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Мәжіліс депутаттары әскери қызметшілерге несие алуға мораторий енгізуді ұсынып отыр.

“Бұл жерде мәселе сарбаздарға қатысты яғни, біз мерзімді қызмет сарбаздарына несие беруге толық тыйым салғымыз келеді. Неге? Сарбазға әскери міндетін өтеп жүргенде мәжбүрлеп кредит алғызу фактілері бар. Біз мұны тоқтатуымыз керек. Әскер сарбаздарды барлық қажетті заттармен толық қамтамасыз етеді деген ойдамыз. Сондықтан несие алудың қажеті жоқ шығар", - деді мәжілісмен Ерлан Стамбеков.

Айта кетейік, заң шығару қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске кредит беру кезінде тәуекелдерді азайту және қарыз алушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы" және "Несие беру кезінде тәуекелдерді азайту және қарыз алушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобалары бойынша үкімет тұжырымдамасы талқыланды.

Талқылау