Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина үш жылдан кейін пайда болады

Коронавирусқа қарсы вакцина елде үш жылдан кейін пайда болады. Бұл туралы ҚР денсаулық сақтау министрлігі медициналық дәрі-дәрмектер мен медициналық құрылғыларға сараптама ұлттық орталығының бас директоры Арнұр Нұртаев брифинг барысында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, отандық ғалымдар қазірдің өзінде COVID-19-ға карсы вакцинаны жасауға кірісті.

"Вакцинадан төрт үміткер іріктелді. Екі вакцинаны Ұлттық сараптама орталығы әзірлейді, және екеуін биологиялық қауіпсіздік мәселелері институты әзірлейді. Бұл вакциналар ұзақ уақыт бойы әзірленеді, әзірленуі мен сынақтан өтуі үш жылға жуық уақытты құрайды. Отандық вакцина қашан шығады? Біз үш жылдық көкжиегімізді болжаймыз - бұл вакцинаны әзірлеу мен сынаудың аяқталуы ғана", - деді орталық басшысы.

Арнур Нұртаев сонымен бірге қазір әлемде түрлі компаниялар әзірлеген жеті кандидаттық вакцина бар екенін атап өтті. Олардың төртеуі қытайлық, үшеуі еуропалық және американдық. Халықаралық ғалымдар вакциналар бойынша клиникалық зерттеулер жүргізуде. Сондықтан коронавирусқа қарсы алғашқы вакциналарды алты айдан бір жарым жылға дейін күтуге болады.

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр